RU
Мұрат Қожаның бұрынғы әйелі енесіне жан тебірентер хат жазды (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Мұрат Қожаның бұрынғы әйелі енесіне жан тебірентер хат жазды (фото)

Рассказать Вконтакте

Елімізге танымал әнші Мұрат Қожаның бірінші әйелі өткен күндері жайлы сыр шертіп, өмірден өткен енесін еске алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Мұрат Қожаның бұрынғы әйелі енесі жайлы сыр шертті. Фото:Instagram

Мұрат Қожаның бұрынғы әйелі енесі жайлы сыр шертті. Фото:Instagram
Source: UGC

Бұл жайында Айман Нұразхан Instagram парақшасында бөлісті.

«Ата-ененің батасын алу, ененің мейіріміне бөлену үлкен қуаныш. Мәртебе! Енеммен болған күндерім әлі есімде. Иә, мен бақытты жанмын! Еске түсірер естеліктер жетерлік. Ол менің мәңгі жүрегімде сақталары анық. Енеме деген сағынышым тарқар емес. Өмірдің сынағы болар, отбасымның шайқалуымен қатар жарты жылдан соң суық хабар да жетті. Тағдырдың жазғаны болар, небәрі 55 жаста өмірден озды. Егер бүгін тірі болғанында 59 жасқа келер еді. Жатқан жеріңіз мамық, топырағыңыз торқа болсын», - деп жазды ол.

Сондай-ақ Айман Нұразхан енесімен соңғы рет қоштасқан сәтін де оқырмандарына баяндап берді.

«Ол кісі ажарлы, жүрегі жұмсақ еді. Сондай-ақ кез-келген адамға жылы қабақ таныта бермейтін. Бірақ, мен дегенде көңілі ерекше болатын. Енем үйге келгеннен әңгімеміз таусылмайтын. Сондай жылдам, шапшаң болатын. Бір дегеннен бәрін бұрқыратып, жайғастырып жіберетін. Соңғы келгенінде «Айманжан, Көктөбені бір рет те көрмеппін» деді. Ойланбастан қыздарым мен әжесін апарып қайттым. Ең соңғы рет вокзалда қоштасқан сәтін ұмыта алар емеспін. Сол жолы шығарып салғаным, соңғы рет көргенім екен ғой. Жүрегім тыныштық таппап еді. Ол кісі вагонға кіріп кетті. Мен артынан қарап, жылап тұрмын. Көп ұзамай енем вагоннан қайта шығып, мені құшағына қысып алды. Бір-бірімізді қимай ұзақ тұрып, қоштастық», - деп өткенін есіне алды әншінің бұрынғы жары.

Сіздің реакцияңыз
0
1
4
51
5
71
7
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel