RU
Қара нәсілдіге тұрмысқа шыққан ару: Дүниеде қазақтан басқа ұлттар бар (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Қара нәсілдіге тұрмысқа шыққан ару: Дүниеде қазақтан басқа ұлттар бар (фото)

Рассказать Вконтакте

Астаналық Зарина екі жыл бұрын шетелдік Феликс есімді азаматқа тұрмысқа шыққан. Олар Дубайдағы демалыс кезінде танысыпты. NUR.KZ порталына сұхбат берген келіншек елдің сыни сөздеріне қалай төтеп беріп жүргенін айтып берді.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Екібастұз тумасы Зарина қазір 32 жаста. Алайда 2011 жылдан бері Астанада тұрып келеді. Оның бірінші жұбайынан 11 жасар қызы бар екен.

"Феликспен 2016 жылы Дубайда таныстық. Алғашында тек хат алмасып жүргенбіз. Екі айдан кейін ол Қазақстанға қыдырып келді. Мұнда екі апта болып, кетерінде маған ұсыныс жасады.

Кей адамдар Феликс өзіне Қазақстан азаматтығы қажет болған соң үйленді деп ойлайды. Шын мәнінде оған ол қажет емес. Ол кез-келген елде жұмыс істей алады. 2018 жылы ресми некелескелі бері, тойымызды әлі жасамадық. Әзірге Қазақстанда тұрып жатырмыз. Болашақта басқа елге кетуіміз де мүмкін.

Күйеуім ағылшын тілінен мұғалім болып жүр. Одан бөлек, біз өзіміздің де жеке тіл үйрететін мектебімізді аштық", - дейді Зарина.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Әйелдің айтуынша, 34 жастағы Феликс өте мейірімді жан. Ал Заринаның қызын өз баласындай көреді екен. Сондай-ақ оның туыстары да шетелдік азаматпен некесін жылы қабылдапты. Алғашында біраз абдырап қалғанымен, менің шешімімді құптады дейді ол.

"Феликс Екібастұзға барған сайын бешбармақ пен бауырсақ жейді. Ол ұлттық тағамдарымызды өте қатты жақсы көреді.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Біз көшеде жүрсек, кей адамдар өте жаман сөздер айтып, балағаттап жатады. Біз оларға мән бермеуге тырысамыз. Тіпті өз таныстарымыздың ішінде де біздің махаббатымызға күмәнмен қарайтындар бар. Бірақ Феликс мені кез-келген істе үнемі қолдап отырады.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Ол үшін менің үй жинап, тамақ пісіруім маңызды емес. Әйел деген үнемі өзіне қарап, әдемі болып жүруі керек деп жиі айтып отырады. Маған тосынсый жасап қуантқанды ұнатады.

Меніңше, шетелдік азаматпен некені қолдамайтындар әлемде қазақтан да басқа ұлттар бар екенін мойындағысы келмейтін сияқты. Қазақтың қызы тек қазаққа ғана тұрмысқа шығуы керек деп жарияға жар салатындарды мүлдем түсінбеймін. Біз барлығымыз адамбыз және ең маңыздысы - біздің ішкі жан дүниеміз"", - дейді әйел.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
62
5
3
4
5
5
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel