RU
Шапырашты мен Найман: Шымкенттіктер салатқа рудың атын қоя бастады (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Шапырашты мен Найман: Шымкенттіктер салатқа рудың атын қоя бастады (фото)

Рассказать Вконтакте

Рулардың атымен аталатын ас мәзірі көпшілікті таңғалдырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Айдос Жұқанұлының желі парақшасынан алынды

Фото: Айдос Жұқанұлының желі парақшасынан алынды

Отандық тамақтану орындарында клиент тартудың жаңа әдісі пайда болды. Енді ас мәзіріне қазақ руларының есімі беріле бастады. Бұл туралы қазақстандық тұрғын Айдос Жұқанұлы Facebook желісіндегі парақшасында жария етті.

"Қайсысын жейін? Шапыраштыны ма, найманды ма?" деп жазған ол ас мәзірінің фотосын желіге жүктеді.

Ас мәзірінде салаттың бірнеше түрі құрамымен көрсетілгенін байқауға болады. Мұны көрген желідегілер өз руларын іздеп, "әркімдікі өзіне, ай көрінер көзіне" деген секілді пікірлерін жаудырды.

Айтпақшы, автор бұл еліміздің қай өңіріндегі мейрамхана мәзірі екеніне тоқталмаған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
44
9
2
3
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel