RU
Жарық жұлдыздай жанып-өшті: Мыңдаған ақтөбелік Айзат Әбдісаматпен қоштасты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Жарық жұлдыздай жанып-өшті: Мыңдаған ақтөбелік Айзат Әбдісаматпен қоштасты (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде лифтінің ішінде ажал құшқан Айзат Әбдісамат сенбі күні жер қойнына тапсырылды. Онымен қоштасуға 12-шағын ауданға мыңға тарта халық жиналған деп жазады Время басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

Қайғыдан қан жұтқан шаңырақтың туыстары мен дос-жарандары қазаның барлығына ауыр тигенін айтуда. Марқұмның анасына көңіл айта келген құрбысы Айнаш Әбілдина Айзаттың артында қалған қызы туралы айтып берді. Сәби анасы жазылып шыққан соң, үйге келеді деп жүр екен. Ал жерлеу рәсімінде оны туыстарының үйіне алып барыпты.

Айнаш Әбілдина. Фото: timeskz.kz

Айнаш Әбілдина. Фото: timeskz.kz

"Айзаттың қызы бізге анасының басын қалай түсіріп тұрғанын көрсетеді: "Анам шие жеп тұрған, оны ауруханаға алып кетті" дейді. Оның аузынан аққан қанды кішкентай қыз шие деп ойлаған. Лифтінің іші қараңғы болғаны жақсы болыпты.

Фото: timeskz.kz

Фото: timeskz.kz

Айзат ақтөбелік жігітке тұрмысқа шыққан соң Шалқардан осында көшіп келгеніне төрт жыл болды. Ал ата-анасы әлі сонда тұрады. Ол бала кезінен журналист болуды армандап, жарық жұлдыз сияқты жанып келе жатыр еді", - дейді әйел.

Лидия Дзюрковская. Фото: timeskz.kz

Лидия Дзюрковская. Фото: timeskz.kz

Ал марқұмның көршілері лифтінің әбден тозығы жеткен деп отыр. Айтуларынша, оны жөндеп, 20 жылдан бері кем-кетістігін тексеріп жүрген азамат өткен жылы қайтыс болыпты. Содан бері осы оқиға орын алғанға дейін оны ешкім қарамаған екен.

Фото: timeskz.kz

Фото: timeskz.kz

Еске салсақ, осыған дейін Айзат Әбдісаматтың жолдасы оқиғаның қалай болғанын айтып берген болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
2
2
27
4
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel