RU
Оралда келінін пышақтап өлтірген қайын ата елді дүрліктірді (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Оралда келінін пышақтап өлтірген қайын ата елді дүрліктірді (фото)

Рассказать Вконтакте

Қайғылы оқиға 8 сәуір күні Орал қаласында орын алған. Келіншек өзінің сәбиін үйден алып кетпек болыпты деп хабарлайды NUR.KZ.

Ақерке. Фото: uralskweek.kz

Ақерке. Фото: uralskweek.kz

Бұл туралы марқұм болған Ақерке Қозыкешованың ағасы Ержан Сарқытбеков айтып берді.

"Менің жиенім Ақерке Семейде туылған. Ол оралдық Саят Қазыкешовке 2015 жылы тұрмысқа шықты. Бір жыл өткен соң Әлішер есімді баланы дүниеге алып келді.

Олар алғашында ата-енесімен бірге тұратын. Кейіннен күйеуі өзі жұмыс істейтін Ақсайға отбасын көшіріп алып кетті. Біраз уақыт өткен соң Саят жиенімді ұратын болыпты.

2017 жылы Ақеркені әбден сабаған соң, ол ауруханаға түсіп, полиция қылмыстық іс қозғаған. Бірақ жиенім оны кешіріп, арызын қайтып алды", - дейді Ақеркенің туысы.

Ержан Сарқытбековтың айтуынша, Саят көп өтпей-ақ Ақеркені тастап кетіп, одан қашып жүрген. Ал келін Оралдағы ата-енесіне барғанда, олар Ақеркеге ұрысып, баласын тартып алыпты.

"Ақерке екі ай бойы баласын көре алмай жүрді. Әбден құқық қорғау органдарының табалдырығын тоздырып, баласын қайтарып алу үшін күресті.

Сөйтіп жүріп, сот шешімі арқылы Әлішерін алып Семейге кеткен. Артынша оларға Саят барып, кешірім сұрапты. Барлығын қайта бастауды өтініп, өзінің қатты қателескенін айтқан.

Ақерке оған сеніп, екеуі қайта табысады. Балаларын қыдыртып, ойын-сауық орталығына барған. Содан кейін жиеніме сұлулық салонына барып қайт деп ұсыныс жасайды. Ал өзі баласына қарай тұратынын айтқан екен. Ақеркенің телефонын "бала ойнай тұрсын" деп алып қалады.

Алайда ол салоннан шыққан кезде не баласын, не күйеуін таба алмайды. Саят көлікке отырып алып, Әлішерді өзімен алып кеткен", - дейді ол.

Ержанның сөзіне сүйенсек, 6 сәуір күні Ақерке Оралға барып, баласын алып кетпек болады. Қалада бірер күнге қонақүйге орналасыпты.

"Сағат екінің шамасында Ақерке қонақүйден шығады. Ал күндізгі сағат бесте оның қайын атасы Асылбек Омаров полицияға келіп, келінін пышақтап өлтіргенін жеткізген", - дейді Сарқытбеков.

Қылмыскер қайын атаның тергеушісі оның немересін қызғанып, Ақеркеге бермес үшін оны пышақтап тастағанын айтады.

Енді Ержан Сарқытбеков сәбидің әкесімен емес, марқұм анасының Семейдегі жақындарымен қалуы үшін соттасатынын жеткізді.

БҚО ІІД аталмыш оқиғаны растап, оған кейінірек пікір білдіреміз деп уәде етті.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
7
1
25
13
2
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір