Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үлкен қателік болды: Сұлулық байқауына қатысқан журналист көз жасын тоқтата алмады

Опубликовано:

Отандық журналист Айнара Байжан бүгінде интернетте дауыс беру арқылы өтіп жатқан ең үздік "Баян сұлу" бейнесі байқауы туралы өз шындығын айтты. Ол бұл байқауды ұйымдастырушылардың әділ емес екенін айтып, қатысқанына өкініп қалған.

Үлкен қателік болды: Сұлулық байқауына қатысқан журналист көз жасын тоқтата алмады
Фото: Instagram: UGC

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасына жазды.

"Менің ең үлкен қателігім - "Баян сұлу" байқауына қатысуым болды. Бұл менің алғашқы және соңғы рет байқау дегенге қатысуым болсын!

Бір ай бойы кеткен есіл уақытым-ай! Өзімді аялап-күтетін кезеңді ұйқысыз түндерге ауыстырған бекер талпынысым-ай! Жұқарған жүйкем! Денсаулығым... Кешеден бері көл боп төгілген көз жасым... Жәй бір конкурс үшін не болды соншама деуіңіз мүмкін. Мен бұл іске үлкен жауапкершілікпен келген едім. Қатысқан соң кемінде 3-орын алуды мақсат еттім! Бекер боп шықты.

Бұйырған кетпейді, қуған жетпейді деп бұл жағдайды жібере салдым. Менің елдің мазасын алып жинап-терген дауыстарымды 0 қыла салған ұйымдастырушыларға рақмет! Сіздер маған "горький опыт" сыйладыңыздар!
Үлкен қателік болды: Сұлулық байқауына қатысқан журналист көз жасын тоқтата алмады
Фото: Instagram: UGC

Мен енді интернет дауыс беру дегеннің бос әурешілік екенін, әділеттік орнатамыз деп шарқ ұрсақ та, оның жоқтығын, болмайтынын ұғындырдыңыздар! Қазақтың "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" мерекесі ұлықталмайтынын білдім. Ал мен оқырмандарымды, отандастарымды интернет дауыс беру деген шарты бар байқауларға қатыспауға шақырамын!", - деп жазды ол.

Еске салсақ, 15 сәуірдегі Қозы Көрпеш-Баян сұлу күніне орай халықтық дауыс беру арқылы ең үздік Баян Сұлу бейнесіне байқау жарияланған еді. Жеңіске жеткен аруға автокөлік сыйға беріліп, «Баян Сұлу» кондитерлік маркасының ресми бейнесі ретінде таңдалып алынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1726253-lken-katelik-boldy-slulyk-bajkauyna-katyskan-zurnalist-kz-zasyn-toktata-almady/

pixel