RU
"Әйелді ұру керек" деп ұрандатқан дін маманы халықтан кешірім сұрады (видео)
Жаңалықтар Қоғам

"Әйелді ұру керек" деп ұрандатқан дін маманы халықтан кешірім сұрады (видео)

Рассказать Вконтакте

"Әйелдеріңді ұрыңдар" деген уағызы елдің қызу талқысына түскен исламтанушы Ризабек Батталұлы өз мәлімдемесі үшін халықтан кешірім сұрады деп хабарлайды NUR.KZ.

Өрескел қателік: "Әйелді ұру керек" деген танымал исламтанушы сөзі үшін кешірім сұрады

Ризабек Батталұлы

YouTube желісіндегі "Azamattyq Qogam" каналында белгілі дін маманының елден кешірім сұраған видеосын жариялаған.

Алдындағы өзімнің өрескел қателігім үшін мұсылман жамағатынан, Қазақстан халқынан кешірім сұрағым келеді. Алла Тағала Құранда "Ниса", яғни "Әйелдер" деген сүре берді. Бұл - Құрандағы үлкен сүрелердің бірі, осы сүрелердің бір аятында Алла ер адамның шаңырақтың, қоғамның иесі, әйел затын қорғаушы, әйел затына басшылық етуші рөлі бар екенін ашық, айқын көрсеткен. Осы аятты түсіндіру барысында Алла алдымен шектен шығып жатқан жағдайда әйел затына уағыз насихатпен ескертумен жол көрсету керектігін баяндайды.

Егер бұған келіспей, қарсы шығып жатқан жағдайда оларды төсекте жеке қалдыруын, белгілі бір уақытқа жақындамай тұру арқылы ескерту жасаудың жолын көрсеткен және аяттың соңында егер бұған көнбеген жағдайда әйелге қол көтеру туралы аятты меңзейді. Бұл аятта пайғамбарымыз с.ғ.с. әйелге қол көтеру барысында ешқандай зақым, зиян шекпейтін деңгейде ұруды меңзеген.

Бірақ пайғамбарымыз еш уақытта әйелге қол көтермеген. Бұл аятта бар екен деп әйелге қол көтеріп, ұру керек деген сөз емес. Енді мен кешірім сұрағалы отырмын. Осы аятты түсіндіру барысында өзімнің эмоциялық тұрғыдан өрескел қателік жіберіп, аятта көрсетілмеген, пайғамбарымыздың хадисінде ашық айқындалмаған, қамшымен ұру деген секілді дөрекі, мемлекетіміздің халқымыздың мәдениетіне негізделмеген тұжырымды айтып, жамағаттың арасында келіспеушілік туғанын білемін.

Қамшымен ұру деген қасиетті Құранымызда көрсетілмеген. Пайғамбарымыз сендердің жақсыларың әйелдеріңе жақсы қарағандарың дейді. Ислам әйел затын қастерлеген. Пайғамбарларды да, небір имамдарды да әйел заты дүниеге әкелген", - дейді ол.

"Сондықтан да құрметті жамағат уағыз-насихат барысында жіберген кейбір қателіктеріміз үшін кешірім сұраймыз." Тәлім-тәрбиені тек әйел заты беріп жатыр, сондықтан әйелден аса алмайтын болдық" деген де өрескел кеткен қателіктер бар", - деді ол.

Еске салсақ, бұдан бірнеше ай бұрын белгілі исламтанушы Ризабек Батталұлының әйелдерді қамшымен ұрып жазалау туралы уағыз-насихат айтқан видеосы желіде тарап кеткен болатын. Аталған видео қызу талқыға түсіп, қоғам тарапынан наразылыққа тап болған.

Сіздің реакцияңыз
29
2
2
0
2
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel