RU
Әйгілі Қытай қорғаны не мақсатпен салынған?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Әйгілі Қытай қорғаны не мақсатпен салынған?

Рассказать Вконтакте

Ұлы Қытай Қорғаны - аспан асты елінің символы әрі Қытайдың ең көрікті жерлерінің бірі. Мұны әрбір шетел туриcті де біледі. Ұлы Қорғанның кескіндемелерін көптеген буклеттер, атлас пен жол көрсеткіштері арқылы көруге болса да, бұл кереметтің пайда болу тарихын екінің - бірі біле бермейді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: travelbook.com

Фото: travelbook.com

Ұлы Қытай қорғаны Чуньцю («Көктем және күз» б.з.б. 770 – 476 ж.) және Чжаньго («Жауласқан патшалықтар» б.з.б. 475 – 221 ж.) заманында салына бастаған. Ол кезде Хуанхэ алқабында жеті шағын патшалық жеке-дара өмір сүрді. Олар өздерінің солтүстігіндегі ғұн және дунху сияқты көшпелі тайпалардан қорғану үшін өз шекараларына қорғаныс қамалдарын тұрғыза бастады.

Фото: travelbook.com

Фото: travelbook.com

Б.з.б. 221 ж. тұңғыш император Цинь Шихуанди өзге алты патшалықтың басын біріктіріп, біртұтас Қытай империясын құрды. Ол әр патшалық тұрғызған үзік-үзік қорғаныс қамалдарын бір-біріне жалғастырып салдырды. Оның ұзындығы 5000 км-ге жеткен.

Фото: travelask.com

Фото: travelask.com

Хань империясы заманында қорған-қамалдар шығыста Ляодун түбегінен батыста Линьтаоға дейін жеткізілді. Қорғаныс қамалдарының бұзылып, бүлінген жерлерін Қытайды билеген әрбір патшалық жөндеп, қалпына келтіріп отырды.

Фото: travelask.com

Фото: travelask.com

Әсіресе Мин әулеті солтүстігіндегі көршілері – шүршіттер мен моңғолдардан қорғану үшін сол заманның ең озық техникасын пайдаланған. Олар биік тау жоталары мен шатқалдарына және шөл далаға дейін қорғаныс қамалдары мен бекіністерін салдырып, қорғанды ұзарта түсті.

Фото: travelask.com

Фото: travelask.com

Шығыста Бохай жағасындағы Шаньхайгуань бекінісінен батыста Ганьсу провинциясындағы Цзяюйгуань бекінісіне дейін созылып жатқан қорғанның жалпы ұзындығы 10000 км-ге жетті. Негізгі бөліктерінің орташа биіктігі 7 – 8 метр болса, табанының ені 6,5, үстіңгі жағының ені 5,8 метрді құраған.

Фото: travelask.com

Фото: travelask.com

Қорғанның үстінде әр 100 метр сайын 2 – 3 қабаттан тұратын қарауыл мұнарасы салынған. Онда гарнизон сарбаздары тұрған, әрі қару-жарақ, оқ-дәрі сақталған. Ал қорғаныс шебінің ең маңызды деген тұстарында ірі бекіністер, ішкі өткелдер бар.

Қорғанның ішкі, ал кейде сыртқы жағынан тау жоталарының үстіне аралары белгілі қашықтықты сақтай отырып салынған дабыл мұнараларында күндіз түтін түтетіп, түнде алау жағу арқылы бір-біріне белгі беріп отыратын болған.

Фото: travelask.com

Фото: travelask.com

Осы тәсілмен бір сағаттың ішінде 500 км алыс жерге әскери дабыл беріп, қауіп-қатерді хабарлай алған. Екі жарым мың жылдан астам тарихы бар Қытай қор-ғаны адамзаттың сәулет өнері тарихындағы ғажайып кереметтердің бірі.

Фото: travelask.com

Фото: travelask.com

Ол Қытай тарихында белгілі дәрежеде әскери қорғаныстық және Ұлы Жібек жолындағы сауда-саттық байланысында қауіпсіздік рөлін атқарды. Алайда солт-тегі көшпелі жауынгер халықтарға ол ешқандай тосқауыл бола алған жоқ. Ғұндар, түріктер, қидандар, моңғолдар мен шүршіттер қорғаннан өтіп, отырықшы елдермен емін-еркін саяси, мәдени және сауда байланыстарын жүргізді.

Фото: travelask.com

Фото: travelask.com

1961 ж. ІХР үкіметі қорғанның көптеген тұстарын қайта қалпына келтіріп, мемлекет қорғауына алды, ал 1987 ж. ол адамзаттың мәдени құндылығы ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіл әлемдік мәдениет және табиғат ескерткіштері тізіміне кіргізілді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
5
0
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір