Ақтаулық келіншек сымбатты шенеунікке қалай тоқал болғанын жайып салды
Жарияланған күні:
Ақтаулық келіншек өзінің мемлекеттік қызметкерге қалай тоқал болғаны туралы айтып берді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.
1988 жылы туған Назым қазір үлкен қызметте отырған азаматтың жары. Қалада өскен ол Ақтаудағы орта мектептердің бірін аяқтаған соң жоғары оқу орнында білім алып, жекеменшік компанияда кеңсе менеджері болып жұмыс істеген.
«Өзімнен 12 жас үлкен азаматтың екінші жары боламын деген ой ешқашан болған емес. Көңілім қалаған жігітке тұрмысқа шығамын деп жоспарлайтынмын. Бірақ тағдыр олай жазбады. Жиырма жеті жасыма дейін лайықты жігіт жолықпады ма, жұмыстың жайымен салт басты болып жүре бердім. Бірде әріптес құрбым тұрмысқа шығып, үйлену тойында қонақ болдық. Сол тойда мен өзімнің болашақ жарымды кездестірдім», - дейді ол.
Назым сол тойда қырықтар шамасында жігіттің биге шақырғанына онша мән бермеген. Тойдан кейін телефонын сұрағанда да бергісі келмепті. Алайда болашақ жары ебін тауып, ақыры дегеніне жеткен.
«Бастапқы кездері ол маған ара-тұра хабарласып тұрды. Жасы қырықта дегені болмаса жақсы күтінген, жағдайы бар екені бірден байқалды. Бірақ мені ол жағы аса қызықтырмады. Қатарласым болмаған соң кездесуге де құлықты болмадым», - деп ағынан жарылды келіншек.
Алайда олар көп ұзамай қаладағы мейрамханалардың бірінде кездейсоқ ұшырасқан. Барлық шытырман сол жерден бастау алыпты.
«Бәрі сол жерден басталды. Мені құрбыларыммен бірге күтіп, жақсылап сыйлады. Әңгімесінен дұрыс азамат екені байқалды. Содан кейін біз кездесе бастадық. Бірақ оның отбасы бары мені қатты алаңдатты. Өзімді кінәлі сезіндім», - дейді Назым.
Болашақ күйеуінің ірі мекеменің бірінде басшылық қызмет атқаратынын ол кейіннен біліп, таң қалады. Тұрмысқа шығу туралы ұсыныс түскенде қандай шешім қабылдарын білмей, ұзақ уақыт ойланған.
Кейін анасымен кеңесіп, күйеу жігіттің ұсынысын қабыл алған.
«Біз жас отбасылар секілді дүркіретіп той жасамадық. Ата-аналарымыз шағын топпен құдалық рәсімін өткізді. Бірінші жұбайы келісім бергенімен, қатынасып тұратындай байланысымыз жоқ. Мен бөлек үйде тұрғандықтан жолдасым аптасына екі-үш рет келіп тұрады. Ал іссапарға шыққанда ертіп алады», - дейді Назым.
Назым күйеуіне құлай ғашық болмағанымен, қатты сыйлайтындығын, оның бойында еркекке тән мінез барын айтады.
«Құрбыларыммен кездесу үшін рұқсат сұраймын. Бір-бірімізді жақсы көреміз. Кейде құрбыларыммен кездескен жерге келіп, бірге отырып көңіл көтеріп кетеді. Ол туралы менің туыстарымның да көзқарасы дұрыс», - деп сөзін аяқтады ол.
Қазір бір бала тәрбиелеп отырған оның өмірі көпшілікке қызық.
Бастапқыда туыстары қарсы болғанымен кейін келе жолдасының жақсы адам екеніне көз жеткізген соң, бұларды өсектеуді азайтыпты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1727847-aktaulyk-kelinsek-symbatty-seneunikke-kalaj-tokal-bolganyn-zajyp-saldy/
Жарияланымға реакцияңыз?
Соңғы пікірлер
Барлық пікір саны: 6
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.
Бұндай əңгіме кімге керек?
Ислам2018
Бейшара
Аааааап
Кайдагы куйеу!? Аптасына 1-2 рет келип кеткенине маз боп журген колжаулык кой бейшара! Жасы бир 40та болса екен, жап жас 27 жасында 40тагы еркектин любовницасы болганын несине жазып отырсындар!? Жок кателик жасасан кездесип, даже тосектес болып койып, содан кейин ари оршитпей коя коймады ма?! Кайдагы куйеу! Кайдагы жар! Кайдагы келисим биринши айелинин!?
Айбын
"Оның өмірі көпшілікке қызық" дегендеріңізге жол болсын?! тоқалдың өмірі негн қызық? бір еркекті бөлісіп не болд сонша? жиіркенбей ме? аптасына екі-үш күнге күйеуі келеді делік. қалған күйеуі келмеген күні (байы бəйбішесін құшақтап жатқанда) тоқалы төбпдегі люстраға қарап жатады дегенге өз басым сенбеймін. Еркектер! Бір əйелге күйеу болыңдар!
Акбопе
Бедная (( или я такая слишком сильно себя люблю и уважаю: не хочу быть второй. Хочу быть только единственной. И БУДУ!!!
Адыл
дурыс болыпты енди! Сенин ангимен кимге керек,
Nuruch