RU
Байзақоваға өлең арнаған қызды белгісіз біреулер ұрып кетпек болған
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Байзақоваға өлең арнаған қызды белгісіз біреулер ұрып кетпек болған

Рассказать Вконтакте

Жуырда желіде Байзақованың әрекеттерін сынап, оған өлең арнаған бойжеткеннің видеосы тарап кеткен болатын. Оның бұл видеосын көрген атышулы Айжан оған жауап беріп, ол қыздың өзі де клубтарда билегенін жеткізген. Осы тұста Мария елді шулатқан бұл оқиғаға қатысты пікірін айтып, неліктен мұндай әрекетке барғанын түсіндіріп берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Байзақоваға өлең арнаған қыз бейтаныс біреулердің өзіне қоқан-лоққы көрсеткенін айтты

Мария. Фото желідегі ашық дереккөздерден алынды

Жақында Байзақоваға арнап шығарған өлеңі арқылы танымал болған Мария бұдан бірнеше жыл бұрын түнгі клубтарда биші болып жұмыс істегенін айтады.

Желіде көптеген қаралым жинаған аталған видеодан кейін Байзақова оның биші болып жүрген кезінен суреттер жариялады. Марияның айтуынша, ол қазір мүлде билемейді және ол суреттерді Айжанға фанаттары тауып берген.

22 жастағы Мария Ақтөбе қаласында тұрады. Отбасында екі ұлдан кейінгі жалғыз қыз. Мария жастайынан бимен айналысқан. Колледждің бірінші курсында жүргенде түнгі клубтар мен барларда билеуді кәсіп еткен.

Байзақоваға өлең арнаған қыз бейтаныс біреулердің өзіне қоқан-лоққы көрсеткенін айтты

Айжан Байзақова. Фото: Instagram

«Біз ол кезде топтың қыздарымен бірге түрлі билер билейтінбіз. Мәселен брэк, гоу-гоу, стрип пластика сияқты билер. Стриптиз басқа би. Мен стриптизді ешқашан билемегенмін», - дейді Марияның өзі.

Мария 16 жасынан бастап түрлі жұмыстар істеген, 18 жасынан бастап билеуді қолға алған. Айтуынша, бидегі тапқан табысы студент қыз үшін жеткілікті болыпты. Көбінесе тапсырыстар бойынша билеген.

Ол кезде Марияның клубта билейтіні туралы отбасы білмеген екен. Дегенмен студент қыз бұл жұмыста ұзақ тұрақтамаған, екі айдан соң билеуді қойған. Мария: «Алғашында билейтінімді үйде ешкім білмеді. Кейін анам бірінші болып біліп қойды, ағам да естіді. Анам әбден ұрысып, ағам екеуі үйге бір ай қамап қойды», - дейді.

Желі жұлдызының мамандығы - темір жол қызметкері. Бірақ әкесі: «Бұл қыз бала үшін ауыр жұмыс», - деген. Сондықтан Мария мамандығы бойынша емес, басқа салада жұмыс істеуде.

Ол қазір сән салонында бет әрлеуші. Бұдан бөлек желідегі парақшасында белсенді түрде жазба жазып, блогер ретінде өзін дамытуда.

Ол бірде атышулы Айжан Байзақоваға арнап өлең оқып, оны Instagram парақшасына салғаны сол-ақ екен, видео кездейсоқ желіде тез тарап, мыңдаған қаралым жинап кеткен.

Өзі шығарған өлең жолдарында ол Айжанның бұл жүрісінің дұрыс еместігін айтып, Байзақ атасын туралы да сөз қозғайды. Осы видеодан соң Байзақова Марияға жауап ретінде оның осыдан төрт жыл бұрынғы түнгі клубта билеп жүрген суреттерін жариялайды. Марияның айтуынша, оған бұл суреттерді фанаттары тауып берген.

«Айжан Байзақова менің өлеңіме мән бермес еді. Бірақ мен оның атасына тиіскендіктен болар, маған жауап қайтарды. Ол менің суреттерімді фанаттары арқылы тауып алған болу керек. Себебі мен ондай суреттерімді ешқашан желіде жариялаған емеспін, оның үстіне мен қазір билемеймін», - деді.

Тіпті Мария Байзақованың парақшасынан өз суреттерін көргенде қатты таң қалғанын да жеткізді.

Осы оқиғадан соң Марияны Байзақованың Ақтөбедегі фанаттары мазалай бастаған. Желіде оған «сені ұрып кетеміз, тауып аламыз», - деген сияқты сөздер жазып қорқытқан екен. Тіпті Байзақовадан кешірім сұрап, видео жазуын талап еткен. Алайда, Мария қазір барлығы тынышталғанын айтты. Жас блогер Айжаннан бәрібір ешқашан кешірім сұрамайтынына сенімді.

«Айжан менің бұрынғы суреттерімді желіде жариялағаннан кейін, кезінде билегенім туралы бардық достарым, туыстарым, таныстарым білді. Бірақ әзірге әкем білмейді. Дегенмен, маған ешкімнің көзқарасы мен қарым-қатынасы өзгерген жоқ. Себебі, мен артық ешнәрсе істеген жоқпын. Мен тек қана ата-анама салмақ түсірмеу үшін, өз бетіммен ақша табуға тырыстым. Мен қазір де ешнәрсеге өкінбеймін. Тек барлығы бір күнде білген кезде ұялдым, бірақ өзімді өкінетіндей іс жасадым деп есептемеймін», - дейді Мария.

Мария қазір салонда жұмыс жасайды, болашақта осы саланы жалғастырмақшы. Сонымен қатар, қазақша блогер ретінде жұмыс жасамақшы.

«Келешекте жастарға қызықты түрлі тақырыптарда сөз қозғайтын боламын, қоғамға маңызды мәселелер туралы айтамын», - деп сөзін аяқтады Мария.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
10
2
8
2
2
25
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel