RU

Мыңжылдығын бүкіл әлем тойлаған Алпамыс батырдың сиқы жұртты шошытты (фото)

Белгілі журналист Нұрлан Әлімбаев Шымкенттегі Алпамыс батыр ескерткішінің "мүшкіл халін" айтып, жәдігердің қараусыз қалғанына налыды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото: Facebook желісінен алынды
Фото: Facebook желісінен алынды: UGC

2014 жылы бой көтеріп, қазір қараусыз қалған ескерткіш жайлы журналист өзінің Facebook парақшасында жазды. Айтуынша, жәдігердің осындай мүшкіл күйде тұруы көпшілікке сын көрінеді.

Фото: Facebook
Фото: Facebook: UGC

Фото: Facebook
Фото: Facebook: UGC
"Бұл - Шымкенттегі Алпамыс батыр ескерткіші. Жəдігер 2014 жылы тұрғызылған болатын. Бірақ, бүгінгі сиқы мынадай... Мыңжылдығын ЮНЕСКО болып, бүкіл əлем тойлаған түгел түркінің қаһарманы Алпамыс батырдың ескерткішін қорғай алмасаң елдігің қайсы?", - деп жазба қалдырған ол.
Фото: Facebook
Фото: Facebook: UGC

Ал журналист жариялаған суреттерден ескерткіштің сынып, жәдігер орналасқан аумақтың көптен бері жиналмағанын байқауға болады.

Фото: Facebook
Фото: Facebook: UGC

Айта кетерлігі, жәдігер 2014 жылы бой көтеріпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1728200-myzyldygyn-bkil-lem-tojlagan-alpamys-batyrdy-siky-zrtty-sosytty-foto.html