RU
Ақбота Керімбекова үшінші күйеуімен ара-қатынасы туралы шындықты айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ақбота Керімбекова үшінші күйеуімен ара-қатынасы туралы шындықты айтты

Рассказать Вконтакте

Танымал әнші Ақбота Керімбекова өзін "үшінші күйеуімен ажырасып кетті" дегендерге жауап беріп, отбасылық құндылықтарға мән бермей кеткен қазіргі қоғам турасында өз пікірін білдірді. Әншінің айтуынша, әншілерді жеке өмірі үшін сөге беру орынсыз. Бұл туралы ол "Матрица" сайтына берген сұхбатында айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Ақбота Керімбекова үшінші күйеуімен ара-қатынасы туралы шындықты айтты

Ақбота Керімбекова. Фото: Time.kz

"Журналистер рейтинг үшін әншінің өмірімен ойнайды. Осы өсекті жазған адам ертеңгі күні өзінің өмірінде де мұндай жағдай кездеспейді деп ойлай ма екен? Отбасы болған соң түсінбеушіліктер болып тұрады. Тек күйеуімізбен ғана емес, кейде анамызбен, кейде баламызбен де ренжісіп қаламыз.

Бүкіл интернет «Ақбота ажырасып кетіпті» деп шулап жатыр. Жеке өмірім мен өткен өмірімді қозғағым келмейді. Барлығы жұмбақ болып қалсын. Біреуді кінәлай алмаймын да. Қателеспейтін адам жоқ. Тіптен фильмдерде көрсетіліп жатыр ғой, пайғамбарлар да күнә жасаған. Олардың жанында біз кімбіз?", - деді әнші өз сұқбатында.

Сонымен бірге ол әңгіме барысында отбасылы еркекке тұрмысқа шығып жатқан әріптестеріне қатысты да пікір білдіре кеткен.

"Ажырасып жатқан әншілер ғана емес, қазір екінің бірі некесін сақтай алмайды. Иә, мойындау керек, қазір отбасылық құндылықтың мәні жойылған. Отбасын асырайды деп сенген кейбір еркектеріміз жалқау, еңбек еткісі келмейді.

Біз сахна адамы болған соң жеке өміріміз елдің аузында жүреді. Сондықтан көзге бірінші болып түсеміз. Ал, жалпы әншілердің ғана емес, тағдыры ауыр қарапайым адамдардың өмірін естігенде жағамды ұстаймын. Сондықтан, әншілерді кішкентай қателігі үшін жер қылудың қажеті жоқ деп ойлаймын", - дейді әнші.

Ақботаның айтуынша, кез келген адам жақсы жар болуға тырысады. Сондықтан жеке өмірдің әншілікке түк қатысы жоқ.

"Біз де барынша жақсы жар, жақсы әйел, жақсы әнші болуға тырысамыз. Бірақ сахна адамы болған соң отбасында түсініспеушіліктер, қызғаныш басым болып тұрады. Негізі өнер адамымен отбасын құрған екен, онда барынша оны түсіне білген жөн.

Мен өзім адамдарды отбасына берілген және екі жақты бірдей, яғни отбасын да, қызметін де алып жүретін деп екіге бөліп қараймын. Тек күйеуі мен бала-шағасының жағдайын жасап отыратын әйелдер - отбасына берілгендер. Олар сол өмірін бақыт тұтады. Бұл типтегі әйелдерге басқа әлем қызық емес. Әркім бақытты өзінше бағалайды.

Ал, бойына Алла өнер дарытқан адамдардың өмірі оңай бола бермейді. Мүмкін ер азаматтарға қиындығы онша біліне бермейтін шығар. Бірақ әйел заты үшін қызметімен бірге үйдегі күйеуінің де жағдайын жасап отыру оңай емес", - деп ағынан жарылды әнші.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
21
1
2
3
3
19
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel