Шымкентте күйеуінің сырқатына жаны ауырған келіншек оған бауырын бөліп берді (фото)
Жарияланған күні:
Шымкентте шаңырақ көтергендеріне он жыл толған келіншек жұбайына керемет сый жасады. Азаматша науқас күйеуінің өмірін аман алып қалу үшін оған бауырын бөліп берген деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Талғат пен Гүлбибі 2008 жылы туысқандарының тойында танысқан. Жас жұбайлар алғаш көргенде-ақ бір-бірін қатты ұнатыпты. Танысқан жылы-ақ Талғат Гүлбибіге сезімін білдіріп, отау құруға шешім қабылдайды. Сүйтіп екі ғашық тойларын дүркіретіп атап өтіп, заңды некеге тұрған.
Отбасылық өмір кезінде отағасы жиі науқастанып жүрген. Күндердің күнінде Талғаттың дертті асқынып, төсек тартып қалған. Дәрігерлер оған "бауыр циррозы" диагнозын қойған. Сөйтіп, күйеуінің сырқатына жаны ауырып жүрген келіншегі оған бауырын бөліп беруді жөн көреді.
"Бауырды маған өз келіншегім берді. Ота сәтті өтті. Өмірімді аман алып қалу үшін келіншегімнің өзі бауырын беремін деп ұсыныс тастады. Бір қызығы, әйелімінің қан тобы өзге де медициналық анализдері менікімен сәйкес келді. Операциядан шыққанымызға бір аптадай уақыт өтті. Қазір жақсарып келеміз", - дейді Талғат Анарбаев.
Жұбайына жаңа өмір сыйлаған келіншек пен күйеуі қазір Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасында жатыр. Ерлі зайыптылар әлі он күндей дәрігердің бақылауында болады.
Талғат пен Гүлбибіні үйінде үш перзенті күтіп отыр. Ерлі зайыптылар екі ұлы және бір қыз тәрбиелеп отыр.
Ауруханадан шыққан соң, жас жұбайлар отбасылық өмірін жаңа парақтан бастамақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1730200-symkentte-kjeuini-syrkatyna-zany-auyrgan-kelinsek-ogan-bauyryn-blip-berdi-foto/
Жарияланымға реакцияңыз?
Соңғы пікірлер
Барлық пікір саны: 7
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.
керемет
райгүл
Нағыз шынайы махаббат , тез сауығып кетіңдер.
Дюдя
Шексыз махаббат пен озара сеным
Rustem111
Мен бөліп берер едім,бұл қандай нар-тəуекел десеңші. Баларының болашағы үшін өз өмірінен айырылып қала жаздады деуге болады,керемет батыр əйел екен.
Яяя
Мен ешкашан олай жасамас едим, балана, өзіңмен бірге туған бауырларыңа бөліп беруге болады, ал куйеуге ешқашан
AKEM1992
Әрине жасамас едің! Өйткені екінің бірі бұлай өз өмірін пида етпейді! Бұл әйел өзінің болашағы үшін, қыздарының әкесі үшін ретінде тәуекелге барды. Сен тұрмысқа шыққаннан кейін күйеуің саған ең жақын адам болады. Қайта күйеуінің оған деген сезімі, махаббаты одан сайын күшейе түсті. Алланың алдында да екеуінің абыройы артады деп ойлаймын!
AKEM1992
МашАлла! Алла разы болсын! Алла дендеріңізге сайлық берсін!
Inabat