RU
"Ninety one" тобы өздерін сабамақ болған "Меломендіктерді" сотқа бермек (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Ninety one" тобы өздерін сабамақ болған "Меломендіктерді" сотқа бермек (фото)

Рассказать Вконтакте

Күні кеше рэперге қамшымен қоса жылқы сыйлап, Байзақова мен "Ninety one" тобын сабатпақ болған "Меломендіктердің" басы бәлеге қалды. Үш жігіттің 91 тобының ата-аналары сотқа бермек деп хабарлайды NUR.KZ.

"Ninety one" & "Меломен"7 Фото-коллаж: NUR.KZ

"Ninety one" & "Меломен"7 Фото-коллаж: NUR.KZ
Source: UGC

Бұл жайында 91 тобындағы Баланың (Данияр Күлімшин) анасы Әлия Назарғалиқызы мәлімдеді.

"Тап осы үшеуіңді "Ninety one" тобындағы жігіттердің әкелері сотқа берейін деп жатыр. Сотта кездескенше", - деп пікір қалдырған болатын.

Артынша "Бұрын осылай істеуге жігіттердің әкелері рұқсат бермеді. Олардың ішкі мәдениеті мұндай ұсақтыққа, қазаққа қарсы амал жасауға, жібермеді. Қазір рұқсатын алдық. Заңгерлерден кеңес алдық. Кешке адвокатпен сөйлесеміз. Үлкен жастағы иглздар да қолдап отыр. Оның ішінде түрлі мамандық иелері бар. Журналист, заңгер, буxгалтер, мәдениеттанушы, тариxшы, блогер, судья секілді қызметтердегі адамдар. Біз - күшпіз", - деп жазды Әлия Назарғалиқызы.

Айта кетейік, "Ninety one" тобының продюсер Ерболат Беделхан мен Әлия Назарғалиқызына, "Меломен" тобына хабарласқанымызбен, ол кісілер жауап бермеді.

Естеріңізде болса, күні кеше атышулы Байзақова өзін сабатпақ болған "Меломен" тобын қамшымен дүрелеп, оын видеоға түсірген адамға 1000 доллар беруге әзір екенін айтқан болатын.

Фото-скрин: Instagram

Фото-скрин: Instagram
Source: UGC

Фото-скрин: Instagram

Фото-скрин: Instagram
Source: UGC

Сіздің реакцияңыз
67
12
4
5
2
21
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel