RU
Баян Алагөзованың қызы ойынқұмар жігіттерді сынға алды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Баян Алагөзованың қызы ойынқұмар жігіттерді сынға алды

Рассказать Вконтакте

Қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты өз пікірін білдіріп жүретін Баян Мақсатқызының тұңғышы Айсәуле Бақытбек ойынқұмар жігіттердің ісін сынға алды деп хабарайды NUR.KZ.

Айсәуле Бақытбек. Фото: Instagram

Айсәуле Бақытбек. Фото: Instagram

Ол бұл жайында Instagram парақшасында жариялады.

"Ішімдіктер мен темекі жайлы жарнаманың көк жәшіктен көрсетілмейтінін білесіздер. Алайда бүгінде көп жастар салынып кеткен ойындар мен ойын автоматтары, ірі ұтыс ойындары мен спорттың түрлі саласына ұтыс тігу жарнамалары телеарналар мен әлеуметтік желіні жаулап алған. Ішімдік пен көк түтіннен көп адам өлмеген болар. Бірақ, құмар ойындардың кесірінен қанша отбасы шайқалды? Қанша адам өзіне қол жұмсады.

Кейде аз ғана ақша тігіп, көп мөлшерде ұтып алуың мүмкін. Бірақ, ол ұтысқа дейін қаншама ұсақ ақшаны құртқанын адам ұмытып кетеді. Онсыз да күнін әзер көрген халықты оңай ақша қызықтырғаннан тек жарнама берушілер ұтып жатыр.

Казиноларды Қапшағайға көшірген болса, бәс тігетін орындарды да алыс жаққа жіберген дұрыс", - деп жазды бойжеткен.

Айта кетейік, осыдан бірнеше жыл бұрын Баян Мақсатқызының бірінші күйеуі Есентаев казиноға құмар деген сыбыс шыққан болатын.

Ғаламторда пайда болған танымал продюсердің жұбайына ұқсайтын азаматтың казинода төбелес шығарған видеосы талайдың есінде қалған.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
4
0
3
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір