Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал әнші өзін Ринат Гайсиннің көңілдесі деп сөккендерге жауап берді

Опубликовано:

Жуырда танымал қазақ сазгері Ринат Гайсинге деген сезімі туралы жасырмай айтқан Dinaya тағы да мәлімдеме жасады. «Жұлдыздар отбасы» журналына сұхбат берген ол өзін «тоқал», «көңілдес» деп сөккендерге жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Танымал әнші өзін Ринат Гайсиннің көңілдесі деп сөккендерге жауап берді
Танымал әнші өзін Ринат Гайсиннің көңілдесі деп сөккендерге жауап берді: UGC

Әнші сұхбат барысында өзінің итальяндық азаматпен қарым-қатынасы туралы да жасырмай айтты. Айтуынша, желдей ескен әңгімелердің көбі жалған ақпарат.

«Мұның бәрі – өтірік. Мен ешкіммен отбасы құрамын деп айтқан емеспін. Ал маған ұсыныс жасаған Түркия азаматы емес, түрік компаниясы болатын. Олар маған зергерлік бұйымдар топтамасына байланысты келісім-шарт құруға ұсыныс жасады. Шындық осы», - деп ағынан жарылды әнші.

Сонымен бірге, ол өзінің Ринат Гайсинмен арадағы қарым-қатынасы туралы айтып берді.

«Қазір неге адамдарды тек қана осы сұрақ қызықтырады екен? Неге шығармашылығым туралы сұрамайды? Бұл – расында да, рухани құлдырау. Мен ешкімнің тоқалы да, көңілдесі де емеспін. Ондайға бармаймын және осылай жасап өзімді ешқашан төмендетпеймін.

Мен өзімді бақытты болуға әбден лайық әйел деп санаймын. Ринат Гайсиннің де, менің де өз жоспарларымыз, мақсаттарымыз бар. Ол менің армандарымды, ойларымды іске асыра отырып, әрекет етеді. Мен мұны ерекше бағалаймын.

Өмірімде "сүйемін, сенсіз өмір сүре алмаймын" деген сөздерді көп естідім. Бірақ сөзіне емес, ісіне қараймын. Бұл ретте көпшілік бірдеңені ойлап тапқанды жақсы көреді. Тоқал емеспін, көңілдес емеспін. Бірақ әзірге ешкімнің де әйелі емеспін деп мәлімдеме жасаймын», - деді ол.

Еске салсақ, ол Ринат Гайсинмен қарым-қатынасы туралы Тимур Балымбетовтың "Если честно" бағдарламасында айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1731847-tanymal-nsi-zin-rinat-gajsinni-kildesi-dep-skkenderge-zauap-berdi/

pixel