RU
ОҚО-да жігіттерден таяқ жеген азамат ашумен өз әйелін өлтіріп тастады
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

ОҚО-да жігіттерден таяқ жеген азамат ашумен өз әйелін өлтіріп тастады

Рассказать Вконтакте

ОҚО-да азаматтық некедегі әйелін өзгелерден қорғамақ болған азамат келіншектің өзін соққыға жығып, өлтіріп қойған. Араққа сылқия тойған отағасы бөтелкелес әйелін тепкінің астына алып, мерт қылды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Некедегі әйелі

Сұмдық жағдай Түлкібас ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылында орын алған.

Белгілі болғандай, 41 жастағы ер адам ауылда тұратын азаматтық некедегі әйелінің үйіне қыдырып келіпті. Ерлі-зайыптылар дастархан басында арақ ішкен. Алкагольді сусын таусылған соң күйеуі әйелін араққа жұмсайды.

Дүкенге барар жолда келіншекке бейтаныс ер кісілер қырындаған көрінеді. Жұбайы бұл жағдайды күйеуіне айтып берген.

Ер кісі әйеліне көз салған бейтаныс азаматтардың сыбағасын бермек болғанда, өзі таяқ жеп қалады. Кейін отағасы үйіне келіп әйелінен ашуын алмақ болып, оны ұрып-соғып өлтіріп қойған.

"Түлкібас аудандық соты қасақана адам өлтірді деп айыпталған күдіктіні екі ай мерзімге қамауға алу туралы санкция берді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99 бабы 1-бөлігімен күдікті деп танылған азамат бұрын сотты болған", -деп мәлімдеді Түлкібас аудандық сотының судьясы Болатбек Тұрабай.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
4
7
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір