RU
Алматының бас имамы оразаны арықтау үшін ұстайтындарға ескерту жасады
Жаңалықтар Қоғам

Алматының бас имамы оразаны арықтау үшін ұстайтындарға ескерту жасады

Рассказать Вконтакте

Дәстүрлі дін өкілдері қазақстандықтардың көкейінде жүрген ораза турасындағы сұрақтарға жауап берді. Алғаш рет ауыз бекіткен жандар оразаны ұстау кезінде намаз оқу міндетті ме, арықтау үшін ораза ұстауға бола ма деген сауалдарына жауап алды деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ораза туралы

Көрнекі фото: Vesti95.ru

Әлеуметтік желіде ораза тақырыбы жастар арасында өзекті болып тұрғаны байқалады. Биыл ораза ұстаушылар саны да бұрынғыдан арта түскен.

Кей әйелдер оразаны сән үшін ұстаса, екіншілері арықтау үшін, тіпті кейбірі мұсылмандық киім киіп жүруді мақтан тұтқандықтан ұстайды екен.

«Ораза ұстаған кезде намаз оқып, дәрет алмаса, қабыл бола ма?", - деп сұраған желі қолданушыларының бірі.

Әлеуметтік желілерде қойылған осы тектес сұрақтардың барлығына Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы жауап берді.

Ораза туралы

Фото: carmo-pvl.kz

Діни басқарманың Үлемдер кеңесінің хатшысы Ершат Оңғаров ораза исламның 5 негізінің бірі екенін айтты. Оразаны Алла разылығы үшін ұстайды.

"Ал егер кімде-кім оразаны арықтау үшін, тазалану үшін, денсаулығын жақсарту немесе сән үшін ұстаған болса, онда ол ауыз бекіткені үшін берілетін Алланың ризығынан айырылып қалуы мүмкін", - дейді Ершат Оңғаров.

Сонымен бірге ол ораза кезінде дәрет алу міндетті емес, алайда қажет жағдайда ғұсыл алу керек екенін еске салды.

Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқаев та бұл мәселеге қатысты өз пікірін айта кетті.

Ораза туралы

Фото: Muftyat.kz

"Оразаны ең алдымен Алла разылығы үшін ұстау керек", - дейді ол.

Айтуынша, сән үшін немесе арықтау үшін ұстаған ораза қабыл болғанымен, ол үшін ешқандай Алланың сыйы болмайды, дейді ол.

Ал егер намаз оқымаса да, оразаны шын ниетімен ұстаса, онда ол Алланың ризығына үміт арта алады.

«Ораза мен намаз екі бөлек нәрсе. Ораза - бөлек парыз, намаз да бөлек парыз саналады", - деп нақтылады имам.

Еркінбек Шоқаевтың айтуынша, кімнің оразасы қабыл болатынын бір Алла біледі. Себебі әркімнің ораза ұстаудағы ниеті әртүрлі болады.

"Ал көңілін күдік жайлап алғандарға айтарым, ештеңеге қарамастан ораза ұстаңыздар. Ораза ұстау адамның жаңаруына, өзгеруіне алып келеді", - деді ол.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
0
4
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір