Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ел тұрғындары зәулім сарайдай мазар тұрғызып жатқандардың әрекетіне күйінді

Жарияланған күні:

Елімізде бай-бағландар өлгенде жерленетін моласын алдын ала дайындап қоюды сәнге айналдырған. Оған қоса жақынын ақтық сапарға аттандлырғандар 10 миллион теңгеге дейін қаражат жұмсап, оның зиратын мәрмәр тастан құйғызады екен. Бұл туралы Еуразия арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Видеодан скриншот: Ақмола облысындағы зираттар
Видеодан скриншот: Ақмола облысындағы зираттар: UGC

Қамал түрінде қоршалып, зәулім сарай ғимараттай салынған молалар күн санап көбейіп келеді. Ақмола облысының тұрғындары мұндай астамшылыққа жол бермеу керек деп санайды. Себебі әлем халқы барып басын иетін Меккенің өзінде қабірлер өте қарапайым салынған екен.

"Меккеге барғанымызда ұлы сахабалардың жерленген жеріне көрдік. Онда 4-5 тас қана үйіліп жатыр. Одан басқа мазар да, кесене де жоқ", - дейді тұрғын.
Видеодан скриншот: Ақмола облысындағы зираттар
Видеодан скриншот: Ақмола облысындағы зираттар: UGC

Жалпы салт-санамызда ата-бабамыз кесенені иленген балшықтан тұрғызыпты. Уақыт өте келе саз кесек жаңбырға езіліп, жерге сіңіп кетеді екен. Дәл осы әдіс шариғатта да құпталатын көрінеді.

Ал өлім-жітім арқылы кәсібінен нәсіп тауып отырғандар марқұм болған адамның соңғы мекені үшін бір үйдің құнындай қаржы сұрайды.

"Үлкен мешіт сияқты зираттар құны - орта есеппен 2-3 миллионның жобасында болады. Ал қарапайым зираттар 200-300 мың теңгедей тұрады", - дейді Ақмола облыстық Хазірет мешітінің зиратқа жауапты қызметкері.

Видеодан скриншот: Ақмола облысындағы зираттар
Видеодан скриншот: Ақмола облысындағы зираттар: UGC

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы осындай астамшылыққа жол бермес үшін қабірді қоршаудың ережелерін ұсынды. Ол бойынша қорымдар аяқ асты қалмау үшін тек сыртын ғана қоршап қою керек дегенді айтуда.

Имамдар пікірінше, қабірді түйенің өркешіндей ғана биіктікте көтеріп, басына аят пен құраннан үзінді жазып, кішігірім ғана белгі қойған дұрыс екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1733473-el-trgyndary-zulim-sarajdaj-mazar-trgyzyp-zatkandardy-reketine-kjindi/