Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күйеуім бар": Айгүл Мүкей алғаш рет өзінің жары туралы ашық айтты

Опубликовано:

Елімізге танымал журналист Айгүл Мүкей алғаш рет өзінің жеке өмірі туралы айтты. Елдің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берген ол "күйеусіз бала туып алды" деп сөккендерге жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Күйеуім бар: Айгүл Мүкей алғаш рет өзінің жары туралы ашық айтты
Күйеуім бар: Айгүл Мүкей алғаш рет өзінің жары туралы ашық айтты: UGC

Жеке өміріне қатысты жан сырын ол "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасында айтты. Айтуынша, ол екінші баласына жүкті екенін біразға дейін жасырып жүрген.

"Мен жүктілігімді 6-7 айға дейін жасырып жүрдім. Өмірімдегі ең бақытты сәт осы жүктілік кезім. Өмірімнің ең ғажайып сәті", - дейді жуырда босанған журналист.

Журналистің айтуынша, ол толғағы жеткенше ел алдында түрлі жобаларды жүзеге асырумен айналысып жүрген. Осы орайда ол перзентханаға да өз аяғымен жалғыз өзі барғанын айтты.

"Перзентханада үш күн жаттым. Босануға барар алдында бір кешті ұйымдастырып жүрген едім. Келесі күні перзентханаға бардым. Толғағым басталғанын сезіп, өзімнің көлігіммен бардым. Себебі сол күні үйде ешкім болмай қалған.

"Қызымның есімі - Хабиба, шығыста сүйікті деген мағынаны білдіреді. Екіншіден бізде жүз жасаған Хабиба Елебекова есімді әйгілі актриса болған. Сол сияқты керемет актриса болса екен деп армандаймын, ұлым Асанәлінің есімін де солай таңдаған едім. Қызымның есімін таңдағанда түрлі есімдерді көрдік. Бірақ папасы екеуміз осы есімді таңдап, бір шешімге келдік", - дейді ол.

Айгүлдің айтуынша, ол артынан түрлі өсектің еріп жүргенін біледі. Сондықтан ол алғаш рет бұл сұраққа ашық жауап беріп, қауесет сөзге нүкте қойды.

"Менің күйеуім бар. Мен оны әлеуметтік желіде көрсетпеймін. Оны өзі де қаламайды. Бірақ желідегі оқырмандар маған да, достарыма да "оның күйеуі жоқ, қалай сонда, қалай туды" деп жазып жатыр. Бірақ мен күйеуімді, отбасымды әлеуметтік желіде міндетті түрде көрсетуім керек пе?", - дейді

"Күйеуім бар, бәрі жақсы менде. Хабибаның папасы бар. Бірге тұрып жатырмыз", - деп қысқа қайырды журналист.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1734142-kjeuim-bar-ajgl-mkej-algas-ret-zini-zary-turaly-asyk-ajtty/

pixel