Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ливерпуль" қақпашысын жұбатқан порножұлдыз туралы не білеміз?

Опубликовано:

Америкалық порноактриса Миа Халифа Чемпиондар лигасынының финалында сәтсіз ойын көрсеткен Лорис Карриуске қолдау білдірді. "Ливерпуль" қақпашысының жіберген екі өрескел қателігі англиялық команданы бас жүлдеден айырған деп хабарлайды vesti.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: vesti.kz
Фото: vesti.kz: UGC

Лорис Карриус үшін 26 мамыр өміріндегі нағыз қаралы күндердің бірі болса керек. Кәсіби қақпашының сәтсіздігінің кесірінен "Ливерпуль" Еуропа чемпионы бола алмады. Оның жіберген екі өрескел қателігін қарсылас "Реал мадрид" футболшылары оңтайлы пайдаланып, 13-ші кубоққа қол жеткізді.

Фото: uefa.com
Фото: uefa.com: UGC

Финалдық ойыннан кейін англиялық команданың қақпашысын сынағандар легі шексіз болды. Тіпті кейбіреулер шектен шығып, оның өміріне қастандық жасаумен қатар балаларына өлім тіледі.

Алайда, есе жіберген футбошыны жақтағандар қатары толығып келе жатыр. Олардың арасында порнофильмдер әлемінің өкілі де бар.

Америкалық порножұлдыз Миа Халифа өзінің Instagram парақшасына Карриустың суретін жүктеп, астына "Күлуді тоқтатпа. Қателіктер - табиғи заңдылық қой. Әрбір адам қателеседі" деген жазба қалдырған.

"Өз сымбатыңның арқасында сен жеңмпаз болып қала бермексің", - деп комментарийге де жазған бойжеткен.
Порножұлдыз финалда есе жіберген "Ливерпуль" қақпашысын жұбатты
Порножұлдыз финалда есе жіберген "Ливерпуль" қақпашысын жұбатты: UGC

Бейрутте христиан отбасында дүниеге келген Халифа жеті жасында Америкаға көшіп кеткен. 2014 жылы порнофильмдер саласына аяқ басқан қыз бүгінгі күні бұл индустрияның үздігіне айналды. Оның лақап аты Миа Каллиста.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1734323-liverpul-kakpasysyn-zbatkan-pornozldyz-turaly-ne-bilemiz/

pixel