RU
"Арын сатып жүрген жоқ": Жұлқына билеп жұлдыз болған әншіні күйеуі жақтап шықты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Арын сатып жүрген жоқ": Жұлқына билеп жұлдыз болған әншіні күйеуі жақтап шықты

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде "ерсі билегені" үшін сыналған әнші Арай Ғалымжанқызы танымалдылыққа қалай қол жеткізгені туралы айтып берді деп хабарлайды ernur.kz сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жұлқына билейтін әншінің күйеуі: "Әйелім біреуге үйкеліп билемейді"

Жұлқына билейтін әншінің күйеуі: "Әйелім біреуге үйкеліп билемейді"

Әнші әлеуметтік желіде өзінің жұлқына билеп тұрған видеолары қалай тарағаны жайлы айтып берді.

Бірде Ербол Бөртекеев деген асаба мені тойда көріп, өнерімді бағалап «Бірге жұмыс істейік» деп ұсыныс жасады. Сонымен жұмыс істеп жүргенімде, менің билеп тұрған видеоларым WhatsApp, YouTube арналарында тарай бастады. Instagram-ды ашсаң мен жүремін, астында неше түрлі пікірлер жазылады (күліп).

Әнші Арай тойда өзіне ұнайтындықтан, музыкамен үйлесу үшін сондай шапшаң қимылдармен билейтінін жеткізді. Оның айтуынша, халық әндерін орындағанда ол билемей тұрады, ал басқа әндер шырқалғанда қимылдап билейді. Себебі тойдың атмосферасы басқаша болады.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Әншінің күйеуі де өнерден құр алақан емес екен. Ол мамандығы мұғалім болса да, тойда музыкант болып қызмет істейді. Олар алғаш тойда танысып, 2014 жылы отбасын құрған.

Қазақ қашанға дейін «Үйтуге болмайды, бүйтуге болмайды» деп жүреді? Бір өзгеріс керек, біріншіден. Ал екіншіден, ұят болатындай әйелім көшеде тұрып арын сатып жатқан жоқ! Неше түрлі қыздар ақша үшін ұяттан кетіп жатыр. Ал біздікі - адал еңбек. Әйелім ашық-шашық киініп, біреуге үйкеліп билеп жатқан жоқ! Өзі сахнада ғана билейді байқасаңыздар, бұл жерде «өнер» деп қана қарау керек.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
17
2
3
0
5
35
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel