Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі балалы келіншек күйеуінің қызғанышына қарамастан Димаштың артынан Ақтөбеге келген

Жарияланған күні:

Кеше кешке Ақтөбедегі сауда орталығының баспасөз бөлмесінде Димаш Құдайберген шетелден келген фанаттарымен кездесті. Кешігіп келген сүйікті әншілерін олар сағаттап күтті деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Димаш жанкүйерлерімен
Димаш жанкүйерлерімен: UGC

Кездесуге әншінің әкесі мен анасы, ата-әжесі, нағашы әжесі, барлық бауырлары еріп келген. Сұхбаттасу кезінде Димаш "бұлар да менің отбасым" деп фанаттарының ортасында отырып әңгімелесуді қалады.

Әлемнің бірнеше елінен келген жанкүйерлер Димаштың тәрбиесіне, болашақ жоспарларына қызығушылық танытты.

"Димаштың өнерімен жеті айдан бері таныспын. Оның Қытайдағы байқауда айтқан әндерін тыңдап ғашық болдым. Өзімнің екі балам бар. Күйеуім Димашқа ғашық болғаным үшін аздап қызғанады. Бүгін Димашпен кездестім. Оның елін, өзін көргеніме қатты қуаныштымын", - дейді Польша елінен келген Моника Василевская.

Қазақстандық туризм басшылары әлем елдеріндегі Димаштың фанклуб жетекшілеріне "Ақтөбе-Алматы-Астана" қалаларын тегін аралауға жағдай жасаған. Ал Димаштың қытайдағы фанклуб жетекшісі әншінің былтыр өткен "Бастау"концертіне келу үшін 500 мың теңгеге шығындалғанын айтты.

Димаштың жанұясы
Димаштың жанұясы: UGC
"Биыл біз ешқандай қаржы шығарған жоқпыз. Жолымыз бен жататын жерімізге кетенін шығынға дейін Қазақстан көтеріп отыр. Өткен жылы концертке келу үшін 500 мың теңге жұмсаған болатынмын. Ол сапар жоспарлы түрде болған соң қаражат алдын ала жиналды. Димаштың өнерін қатты жақсы көреміз. Біз біраз қазақша сөз үйреніп алдық. "Сәлем", "Мен сені сүйемін" деген сөздерді білеміз", - дейді қытайдан келген Лью Чанг.

Ал АҚШ елінен келген Алиса Келлог Димаштың өнері адам өмірін өзгертіп, әлем елдерін біріктіретінін айтты.

Фанаттар Димаштың сөйлегенін қалайтынын айтып, қанша өтінгенімен қойылған сұрақтың бәріне әкесі Қанат Айтбаев жауап беріп отырды. Әншінің басқа байқауларға қатысуына қатысты келіп түскен ұсыныстардың барлығы асықпай зерделетіні айтылды.

Димаштың фанаттарымен кездесуіне БАҚ өкілдері алдын ала шақырылған болатын.

Кездесу үстінде Димаштың анасы ұйымдастырушылардан тілшілерді шығарып жіберуді өтінген.

"Кешіріңіздер, Димаштың анасы маған қайта-қайта жазып жатыр. Кездесудің жабық өтетінін айтып, тілшілерді шығаруымды сұрады", - деді кездесу ұйымдастырушылары.

Ақтөбедегі облыстық мәслихат депутаты Светлана Айтбаеваның тілшілерді не үшін көргісі келмейтіні түсіндірілген жоқ. Димаштың ата-анасы осыған дейін де БАҚ өкілдерінен балаларын жасырып, тілшілердің наразылығын тудырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1734899-eki-balaly-kelinsek-kjeuini-kyzganysyna-karamastan-dimasty-artynan-aktbege-kelgen/