RU
Баян Алагөзова менингит дертіне бей-жай қараған министрге шүйлікті
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Баян Алагөзова менингит дертіне бей-жай қараған министрге шүйлікті

Рассказать Вконтакте

Елімізде өршіп тұрған менингит ауруынан аз уақытта 13 адам ажал құшып үлгерді. Олардың арасында кішкентай балалар мен апталдай азаматтар да бар. Екпесін қарапайым халықтың қалтасы көтермейтін аталмыш ауруға бей-жай қараған Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты Баян Алагөзова сынға алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Алагөзова мен Біртанов. Фото-коллаж: NUR.KZ

Алагөзова мен Біртанов. Фото-коллаж: NUR.KZ

Продюсер елді дүрлікпеуге шақырған министрдің ісіне наразы екенін жасырмады.

"12 адам қаза тапты. Сонда да министр бізді дүрлікпеуге шақырды. Сондай-ақ жалпылама екпенің болмайтынын да айтты. Билік орнынан қозғалу үшін әлі қанша адам өлу керек?

Менің өзім балаларымның сыртқа шықпауын қадағалап, күніне бірнеше рет хабарласып, жағдайларын сұраймын. Қазақстандықтар қайда барып, қандай ем ала алады? Дәрігерлер науқастарды әр ауруханаға сүйрелеп жүріп, ортада уақыт өткізіп жатыр. Ақыр соңында бар кінәні қаза тапқандардың өзіне аударып, олар кеш қаралғандықтан емдей алмағандарын айтады. Менингитке қарсы екпе қымбат та, ал 12 адамның өмірі ойыншық болғаны ма? Әлі қанша адамның қаза тапқанын күтуіміз керек?", - деді Алагөзова Instagram парақшасында.

Айта кетейік, аз уақытта менингит ауруынан 13 адам қаза тапты. Оның біреуі Қызылорда облысынан, бірі Астана қаласынан.

Ал ажал құшқандардың көпшілігі Алматы облысынан. Олардың арасында балалар мен әйелдер, апталдай азаматтар бар. Қазіргі уақытта менингитке қарсы екпенің бағасы - 22 500 теңгеден болып жатыр. Бұл баға еместігі, алдағы уақытта 27 мыңға дейін қымбаттайтыны да айтылуда.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
4
0
0
14
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel