jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Астанада 16 мың теңгеден сатылып жатқан қарбыздың бағасы тұрғындарды шошытты (фото)

    : UGC

    Астанада 16 мың теңгеден сатылып жатқан қарбыздар елдің ашуын тудырды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

    Қарбыз. Фото: NUR.KZ
    Қарбыз. Фото: NUR.KZ: UGC

    Желіде Астанадағы сауда орталықтарының біріндегі сатылымға шығарылған қарбыздың фотосы пайда болды. Онда салмағы үш келіден асатын қарбыз құны 16 792 теңге деп көрсетілген. Удай қымбат өнім желідегілердің ашуын тудырды.

    "17 мыңға қарбыз алсақ, бір ай аш отырамыз ба?", "Аштан өліп бара жатсам да, алмас едім", "10 теңге болғанша жемей-ақ қойдым осыны. Масқара".

    "Ашыққаннан құныққан жаман деуші еді", "Бағаны да ойланып қоймайды ма екен", "Адамдардың қалтасын қақса болды бұларға" деп жарыса жазды желі қолданушылары.

    Астанада 16 мың теңгеден сатылып жатқан қарбыздың бағасы тұрғындарды шошытты (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.