RU
15 жасымда ана болдым: Ерте тұрмыс құрған әйел адам өз өмір хикаясымен бөлісті
Жаңалықтар Қоғам

15 жасымда ана болдым: Ерте тұрмыс құрған әйел адам өз өмір хикаясымен бөлісті

Рассказать Вконтакте

Астана қаласының тұрғыны Ұлболсын 1986 жылы жылы бар болғаны 15 жасында тұрмысқа шыққан. Сүйіктісі алып қашып кеткен қыз шырайы Шымкенттің келініне айналған. Отасқанына 32 жыл болған Ұлболсын келіннен бастап ене лауазымына дейінгі өмірі жайлы қызықты оқиғаларымен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: limon.kg

Фото: limon.kg

"Менің ата-анамда 9 бала болды. Мен қыздар арасында ең кенжесімін. Менен кейін артымнан ерген екі бауырым бар. Көпбалалы болғанымызға қарамастан біз кедей тұрған жоқпыз. Біз жер үйде тұрып, шаруашылықпен айналыстық. Біз үш жасымыздан бастап ата-анамызға көмектескенбіз", - деп айтты Ұлболсын.

48 жастағы әйелдің айтуынша, ерте тұрмысқа шығу отбасылық дәстүрге айналып кеткен. Ұлболсынның анасы тіптен 13 жасында келін атанды. Ата-анасы ерта қайтыс болғандықтар, туыстары әйел адамды ерте тұрмысқа беріп жіберген. Бірақ, 16 жасқа дейін ерлі-зайыптылар жаныстық қатынаста болмаған. Өйткені балалықпен ондайды тіпті ойламаған көрінеді.

Ұлболсынның әпкелері де ер отбасылы болған. Бірі 17, екіншісі 18 жасында тұрмысқа шықса, ағалары да әскерде екі жыл болып бірден үйленіп алуды әдетке айналдырып алды. Алайда, үйдегі рекорд Ұлболсынға ие болса керек. Ол ең жас болып отау құрды.

"Біз ауылда өтетін практика кезінде таныстық. Мен сегізінші сынып тәмамдағанмын. Жасым 14-те болған. Ал жолдасым 18 жаста еді. Оқудан кейін ол бірден жұмысқа тұрды. Біз бір-бірімізді бірден сүйіп қалдық. Бір ай бойы біз үнемі хат алмасып, танысып жүрдік.
Үйге қайтып келгенімде мен өзімді жайсыз сезіндім. Ауруханаға барғанымда менің жүкті болып қалғанымды айтты. Мен ауылға хат жолдап жігітіме мән-жайды айттым. Бір айдан кейін мен нан алуға шыққанымда мені көлікке салып ала қашты. Мен мұндайды бұрын-соңды естіп көрмегендіктен қатты шошып қалдым.
Он минуттан кейін басыма киілген қапты шешкенде көлікте отырған Серікті көріп, көңілім орнына түсті. Біз вокзалға келіп, Шымкентке билет сатып алдық. Сол жерде отырып-ақ мен үйдегілеріме хат жаздым", - деп айтты Ұлболсын.

Шымкент маңындағы ауылда бойжеткенді сүйіктісінің туысқандары күтіп алған.

"Екінші күні бірден той болып кетті. Ақ көйлек кигенім жоқ, бар көйлекті кие салдым. Тойдан кейін біз Целиноградқа кешірім сұрауға барып, Шымкентке оралдық. Сол кезде нағыз өмір басталды" , - деп ашылып айтты әйел адам.

Оның айтуынша, ол еркектің де әйелдің де ісін істеуге мәжбүр болған.

"Күйеуім қайтадан жұмысқа кетті. Ал жүкті болған мен үй жұмысын жасауға кірістім. Сиырды да саудым, шелектеп суды да тасығаным бар. Бізде 5 сиыр, қой мен тауықтар болды. Мұның барлығына мен қарадым. Оған қоса, тамақ әзірлеу, киім жуу барлығы менің мойнымда болды.
Үстел үстінде барлығына тамақты анам салып беретін. Үйге аптасына екі мәрте қонақ келіп тұрды. Менің қатты ашуыма келген дәстүр - күнделікті есік алдын тап-таза қылып сыпыру.
Мен жаңа дәстүрлерге ақырындап үйренісе бастадым. Үйде менімен ешкім артық сөйлеспейтін. Тек жұмыс барысында ғана сөз алмасу болып тұрды. Уақыт өте мен шаштараз жұмысына оқып алдым. Өз мамандығым бойынша мен бір де бір күн жұмыс атқармадым" , - деп шындығын айтты Ұлболсын.

Бүгінгі күні 48 жастағы әйел төрт ұлдың анасы әрі бес немеренің апасына айналған.

"Мен өмірімді отбасыма арнаған адаммын. Күйеуім басқа қалада жұмыс істегендіктен оны жиі көре алмайтынмын. Бірақ қазір ол ек жыл бойы жұмыс істемейді. Мен өз өміріме негізінде ризамын, тек кейбір оқиғалар ғана болмағанда. Маған өз балаларымды өзім тәрбиелеуіме рұқсат бермеді.
Тәрбие ісіне енем жауап берді. Мен үнемі үй шаруасымен босамайтын болғандықтан, көп үлгі-өнегені балаларым апаларынан алды. Мен және менің перзенттерім нағашы жұртты сирек көрді. Біз тек жылына ек-үш рет қана көрісетінбіз. Бірақ менің жағдайым өте керемет болды" , - деп айтты әйел адам.

Бүгінгі күні әйел адамның ата-енесі қайтыс болған. Енді үйді билеп-төстейтін адам өзі болды.

"Бүгінде менімен екі келінім тұрады. Енді үй жұмысына мен мүлдем араласпаймын. Бәрін келіндерім жасайды. Алайда мен ондай қатаң тәртіп қоймаймын. Олардың туған күндерге барып, телефонда отыруға да уақыттары бар.
Біздің кезде технология болмағандықтан мен барлық киімдерді қолмен жуатынмын. Мен енді өз денсаулығыма мән бере бастадым. Фитнеске, театрлар мен киноға жиі баратын болдым. Бізде бал айы деген енді басталды", - деді Ұлболсын.

Оның айтуынша, уақыт артқа оралып келсе де ол бәрібір де 15 жасында тұрмысқа шығатын еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
2
3
6
1
21
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір