Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰБТ-дан жоғары балл жинау үшін оқушылар бақсы-балгерлерді жағалап жүр

Жарияланған күні:

Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу алдында бақсы-балгерлер көмегіне жүгіну, қасиетті орындарда қону дәстүрге айналған. Сынаққа санаулы күндер қалғанда тәуіптерді жағалаған оқушылар мен жалған үміт сыйлаған көріпкелдер туралы Еуразия арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: qazaquni.kz
Көрнекі фото: qazaquni.kz: UGC

Сиқырға сенгендердің бірі – жиырма жастағы Серік. Ол екі жыл бұрын 125 балл жинау үшін дұға оқып беремін деген тәуіпке сеніп, көмегіне жүгінген. Емші-сымақтың айтқанын орындап, кесене аралап, біраз шығынға батыпты.

"Басқа да оқушылар сияқты біз де құрбан шалдырдық, ҰБТ үшін деп. Түркістанға бардық, Қожа Ахмет Яссауи атамыздың басына, бақсы-балгерлерге бара бастадық. Сонымен үйдегілер жолыңды ашатын осындай бір кісі бар деген соі, біз де оқыттық. Кішкене ақшасын бердік. Ол кісі екі аптадай оқыды. Сосын су беріп, ҰБТ-ға кіргенде ішесің деді. Бірақ, пайдасын көре алмадық" – дейді студент Серік Шымат.

Жалпы ғаламтор беттерінде Ұлттық бірыңғай тестілеуден оңай өтуге арналған “дұғалар” қаптап кеткен. Ал дін өкілдері мұндай дұғалардың барын түбегейлі жоққа шығарады. Керісінше, сынаққа жақсы дайындалып, одан кейінгісін бір Жаратушыға тапсыруға кеңес береді.

"Пайғамбарымыз с.ғ.с заманында ешқандай да ҰБТ деген болған жоқ. Сондықтан оған арнайы оқитын мынадай дұға бар екен, пайғамбарымыз ҰБТ-ға кірер кезде мына дұғаны оқыңдар деп айтқан сөзі бар екен деген ондай хадис жоқ. Алладан басқа ешкім жолды аша алмайды", – дейді Нұр Астана мешітінің наиб имамы Әділхан Серікбай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1736580-bt-dan-zogary-ball-zinau-sin-okusylar-baksy-balgerlerdi-zagalap-zr/