Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында 80-нен асқан қарияны баласы мен әйелі үйінен қуып жіберді

Жарияланған күні:

"Әділдікті қалаймын!" деп ашынған Алматы облысының 81 жастағы тұрғыны өз туғандарынан қорлық көріп жатқанын айтып, шағымданды деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Наша Газета
Көрнекі фото: Наша Газета: UGC

Қарияның айтуынша, оның әйелі мен ұлы "Йегова куәгерлері" атты діни ұйымына кіріп кеткен. Олар қарияның өз қолымен тұрғызған зәулім үйінен қуып шыққан. Қазір нашар жағдайда өмір сүріп жатқан оның денсаулығы сыр бере бастаған.

"Сен времянкаға барып тұрасың, біз мына үйде тұрамыз. Не істейміз, не қоямыз өзіміз білеміз, сенің жұмысың болмайды" деді. Солай, осында әкеп барлық заттарымды тастады. Ана үйге барсам мені сабайды. Малдан да хуже болдым», - деп ашынды Қаскелең қаласының тұрғыны Серік Ақшолақов.

Ақсақалдың айтуынша, отбасындағы алғашқы жанжал аталмыш діни ұйымға кіргеннен басталған. Қарияны қанша үгіттегенімен, ол ұйым мүшесі атанбаған. Сондықтан олар қарияны ұрған екен.

Алайда, ақсақалдың ұлы әкесіне зәбір көрсетпегенін айтады.

«Қолын көтере бермес үшін бір рет маған төбелес шығарған, сол кезде мен оны жіппен байлағам. Ондай болған, иә. Ал, специально оны ұрып, ондай ешқашан болған жоқ. Ол маған бірнеше рет пышақпен де жүгірген, пышақпен мені нетейін деген. Бір кездері пистолетпен мені қуған үйден», - дейді қарияның ұлы Ерболат Ақшолақов.

Ал, "Йегова куәгерлері" діни ұйымы осындай ұрыстардың тууына еш қатысы жоғын баяндап отыр. Мәселеге Облыстық дін басқармасы да араласқан.

«Ақшолақов Серіктің атынан келіп түскен арызды талдай отырып, бірқатар жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде, бұл туып отырған жанжалға ешқандай діннің қатысты еместігі байқалды», - дейді облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысы Сағыныш Жаңабай.

Осы оқиғаға байланысты қарттың әйелі мен ұлынан шағым түскен. Енді іспен полицейлер айналысатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1736718-almaty-oblysynda-80-nen-askan-kariany-balasy-men-jeli-jinen-kuyp-ziberdi/