Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО-да жедел жәрдем қызметкерлері науқасқа екпе салу үшін ақша сұраған

Опубликовано:

NUR.KZ порталының 8 747 535 12 98 WhatsApp нөміріне Түркістан қаласының тұрғыны хабарласып, жедел жәрдемнің ақылы қызметіне шағымданды. Ол қан қысымы көтеріліп жатқанда медицина қызметкерлері қажетті тамызғыш дәріні салу үшін ақша сұрағанын айтады.

Көрнекі фото: informburo.kz
Көрнекі фото: informburo.kz: UGC

Гүлсара Асқарова түнгі сағат 1-ден өте қан қысы көтеріліп кеткен соң, жедел жәрдем шақырады. Айтуынша, науқаста бұл өте жиі кездеседі екен. Тіпті қысымы 200-ден асып, сөйлей алмай қалған кезі де болыпты.

"Қан қысымым жиі көтерілетін болғандықтан, өзім қатты қорқып қалғанмын. Жедел жәрдем келген соң, маған зәр айдағыш пен ауруды басатын екпе салды. Мен оларға "магнезия" салыңдаршы, әйтпесе қысымым түспейді дедім.

Ақ халаттылар оны тек ақылы түрде саламыз деп тұрып алды. Онысының бағасы 3500 теңге тұрады екен. Мейлі, тіпті ақылы салғанның өзінде, дәріханада 40 теңге тұратын тамызғыш дәріні неге сонша қымбат салады? Адамның жаны қиналып жатқанда ақшаны ғана ойлағаны несі?", - деп ашуланды ол.

Ал Түркістан қалалық жедел жәрдем станциясының басшылығы аталған жәйттің заң аясына қайшы келмейтінін айтып отыр. Яғни 2017 жылы шығарылған 450-бұйрыққа сәйкес, 4-ші шұғылдық санаттағы науқастар емханада қараулы керек.

"Шаруашылық жүргізу құқығы бойынша, төртінші санаттағы науқастарға наурыз айынан бастап ақылы түрде қызмет көрсетеміз. Оның қай санатқа жататынын медициналық қызметкер науқаспен сөйлесу барысында анықтайды. Егер оның жағдайы соншалық ауыр болмаса, онда емханаға баруы керек.

Ал біздің қызметкерлер көмегіне жүгінсе, ол шақырған жерінің алшақтығына, салатын дәрінің бағасы мен алатын уақытына қарай ақы төлеуі тиіс. Яғни төртінші шұғылдық санатқа жататын науқасқа жедел жәрдемнің қызмет етуі ақылы түрде жүзеге асырылады", - дейді Түркістан қалалық жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Санжар Жангузиев.

Айта кетейік, Түркістан қаласындағы медициналық көмек көрсету жағдайы әлі де ақсап тұр. Қалалық жедел жәрдем станциясындағы бас дәрігердің міндетін атқарушы азаматтың айтуынша, облыс орталығы болуға дайындалып жатқан шаһарда жалғыз ғана мемлекеттік емхана бар. Оның өзінде жедел жәрдем бөлімшесі әлі күнге ашылмапты. Сондықтан 4-санаттағы "жеңіл-желпі" ауырып қалғандар жедел жәрдемнің ақылы қызметіне жүгінуге мәжбүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1736767-oko-da-zedel-zrdem-kyzmetkerleri-naukaska-ekpe-salu-sin-aksa-sragan/

pixel