Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл не деген сұмдық": Азат Перуашев елдегі шенеуніктердің санына шүйлікті

Жарияланған күні:

"Ақ жол" фракциясы мемлекеттік функцияларды бәсекелестік ортаға берумен қатар, шенеуніктер санын қысқартуды және сол мемлекеттік органның бюджетін азайтуды талап етіп отыр. Бұл туралы бүгін мәжіліс депутаты Азат Перуашев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: akzhol.kz
Фото: akzhol.kz: UGC
"Мәселен, Америкада – 14%, Австрияда – 10%, 128 миллион халқы бар Жапонияда небәрі 9 мың ғана шенеунік бар. Ал бізде 18 миллион халыққа 100 мың шенеунік бар. Жапонияда бір шенеунікке 14 мың адамнан келсе, бізде бір шенеунікке 180 адам. Яғни бізде шенеуніктер саны Жапониямен салыстырғанда 80 есе көп. Бұл не деген сұмдық. Осыдан кейін Қазақстан мен Жапонияның жағдайын салыстырыңыздар. Сондықтан "Ақ жол" фркциясы мемлекеттік органдар атқаратын функцияларды мемлекеттік емес ұйымдарға берген кезде, сол қызметтерді атқарған шенеуніктерді қысқартуды және оларға жұмсалған бюджетті азайтуды талап етеді", — деді мәжілісмен.

Ал ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің Қазақстандағы шенеуніктер 20 проценттен аспайды дегеніне Перуашев былай жауап қатты.

"Ол маған емес, ЭЫДҰ-ға айтсын оны. Біз жұмысымызды ЭЫДҰ талаптарына сәйкес жүргізуіміз керек, бұл елбасының берген тапсырмасы. Тимур Сүлейменов келіспесе, өзі білсін", — деді депутат мәжіліс кулуарында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1737063-bl-ne-degen-smdyk-azat-peruasev-eldegi-seneunikterdi-sanyna-sjlikti/