RU
ОҚО-да каналдан денесінде зорлық белгілері бар 20 жастағы әйелдің денесі табылды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

ОҚО-да каналдан денесінде зорлық белгілері бар 20 жастағы әйелдің денесі табылды

Рассказать Вконтакте

ОҚО-ның Сайрам ауданындағы Қарасу ауылында суармалы каналдан денесінде көгерген, жаралар іздері секілді зорлық белгілері бар 20 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: kzvesti.kz

Фото: kzvesti.kz

Сот медициналық сараптаманың нәтижесі бойынша әйелдің өліміне суға тұншығуы себеп болғаны анықталған. Полицейлер зорлық зомбылық белгілеріне қарап кісі өлтіру екендігін топшылаған. Тергеп тексеру кезінде ең алдымен күдікке марқұм әйелдің азаматтық некедегі күйеуі іліккен.

Бірінші тергеу кезінде-ақ 20 жастағы марқұм әйелдің күйеуі өзінің бар қылмысын мойындаған.

Ер адам азаматтық некедегі әйеліне жас мамандарды Солтүстік өңіріне көшіру бағдарламасы бойынша сол өңірге қоныс аудару туралы ұсыныс айтқан.

Алайда күйеуінің шешіміне келіспеген әйелі үзілді-кесілді қарсы болады. Бір тоқтамға келе алмаған ерлі-зайыптының арасындағы жанжал тіпті төбелеске ұласқан.

Күдікті ер адамның сөзіне қарағанда, көшеде керісіп, жаға ұстасқан күйі олар каналға құлап кеткен.

Күйеуінің айтуынша, судан малтып шыққан ол, әйелін құтқара алмапты. Ағыспен бірге жүзіп, менен қашпақ болды дейді күдікті күйеуі. Сот аталған жайт бойынша күдіктіні қасақана кісі өлтіру бабы бойынша қамауға алу туралы санкция берді.

Айта кетейік, өз күйеуінің қолынан өлді деп күдіктелген әйелдің артында 1 жарым жасар баласы қалды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
6
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel