RU
Таңертең өлі денесін алып келді: Мүшел жас неліктен қауіпті?
Жаңалықтар Қоғам

Таңертең өлі денесін алып келді: Мүшел жас неліктен қауіпті?

Рассказать Вконтакте

Қазақта қауіпті әрі киелі саналатын мүшел жаста көптеген адам сақ жүруге тырысады. Алайда кей бірі оның нақты қай жасқа тура келетінін және қандай әрекеттерден аулақ болу керектігін біле бермейді. Осыған орай, NUR.KZ тілшісі Қарасай адандық "Қазақ тілі" қоғамының төрайымы Шара Қанатқұлқызымен сұхбаттасып, мүшел жастың мәнін анықтап қайтты.

Фото kzndeti.ru

Фото kzndeti.ru

"Әдетте мүшел жас адамның 13, 25, 37, 49, 61, 73, 85, 97... жастарына қатысты айтылады. Яғни адам 12 жас қосқан сайын мүшелге аяқ басады. Мәселен, бала 12 жасқа толып, 13-ке жеткенше мұшел жасында деп саналады және бұл ер мен әйелдер үшін бірдей есептеледі", - дейді Шара Қанатқұлқызы.

Қазақта адамның өмірге келуінен бастап, әрбір жас өлшемі 12 жылға бөлініп саналады екен: 12 жасқа дейін балалық шақ, 13-24 жас аралығы жастық шақ, 25-36 жас - есейген шақ, 37-48 - кемелденген шақ, 49-60 жас аралығы - құрметке бөленетін шақ пен 61 жастан асқанда кәрілік шақ келеді дейді Шара апа.

Ұлт санасында мүшел жасқа қауіппен қарау қалыпты жағдайға айналған. Сондай-ақ көпшілік оған аяқ басқанда туған күнді тойламай, оның орнына құран оқытып, садақа беруді жөн санайды.

Шара Қанатқұлқызы. Фото NUR.KZ

Шара Қанатқұлқызы. Фото NUR.KZ

"Күйеуім 37 жасында өмірден озды. Мен төрт баламен жастай жесір қалдым. Жасым бар болғаны 30-да еді. Ал балалар 8, 5, 4 және 3 жаста болды.

Кіші ұлым Мақсат мүшел жасты тойламау керектігін біле тұра, 1991 жылдың қаңтар айында 25-ке толғанын атап өтті. Ал 19 мамырда досының тойына жүргізуші ретінде барып, ертесіне оның өлі денесін алып келді. Не күйеу жігіт, не оның отбасы қайғылы жағдайдың қалай болғанын тіс жарып айтпайды. Ал тергеушілер істі жылы жауып қоя салды. Мен тіпті оның неден өлгенін де білмеймін", - дейді әйел.

Шара апаның айтуынша, мүшелден аман-есен шығу үшін өзінің ең сүйікті киімдерін жұртқа таратып берген дұрыс.

Фото OK.RU

Фото OK.RU

"Киімдерін өзінің жақсы танитын, сыйлайтын адамына берген дұрыс. Оған қоса қой сойып, оның етін түгел таратып берген де жақсы. Бірақ оның етінен бір тілім де алып қалуға болмайды. Тіпті терісі мен тұяғына дейін таратып жіберу керек. Содан кейін Құран оқытып, дұға жасайды", - деп сөзін қортыныдылады Шара апа.

Журналист: Алия Абсеметова

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
4
1
2
2
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel