RU
Ақтөбеде "Күміс алқа" иегерін полицейлер қамауға алды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде "Күміс алқа" иегерін полицейлер қамауға алды (видео)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде полицейлер "Күміс алқа" иегері, көпбалалы ананы қамауға алды. Аталған жайттың видеосы Instagram желісіндегі zello.aktobe парақшасында пайда болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Многодетная мать

Многодетная мать

Ұсталған әйелдің қызы анасы вокзалда екенін айтып, өзін алып кетуді сұрап хабарласқанын айтады.

"Мен келген кезде олар (полицейлер - ред.) көз алдымда анамның қолын бұрап, ештеңені түсіндірместен көлікке отырғызып алды", - деп жазды әйел.

Оның айтуынша, полиция бөлімшесінде әлдебір әйел оларға "миға сыймайтын" жала жаба бастаған.

Сонымен бірге, қызы анасын не себепті ұстағанын әлі де түсінбегенін айтып отыр.

Алайда облыстық ІІД аталған азаматша көшедегі жүргіншілерге жөнсіз тиісіп, пәтерін жалға бермек болғанын жеткізді. Сонымен бірге ол тәртіп сақшыларына қарсылық танытқанын да алға тартты.

"Күміс алқа" иегеріне қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel