RU
Тоғыз жыл бойы әскери күйеуінен қорлық көрген әйел мүгедек болып қалды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Тоғыз жыл бойы әскери күйеуінен қорлық көрген әйел мүгедек болып қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Ұзақ уақыт бойы өз күйеуінен қорлық көрген екі баланың анасы өз жанайқайын жеткізді. Ол өзінің басынан өткен ауыр жағдайды заң жүзінде шешпек болып, әділетсіздікке тап болған. Нәтижесінде ол орын алған жайтты көпшіліктен жасырмай бөлісуге бел буған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Facebook.com

Фото: Facebook.com

Дина Тансари атты құқық қорғаушы өзінің Facebook парақшасына тоғыз жыл азап көрген әйел адамның оқиғасын жариялаған. Оған қоса, ол екі баланың анасына қатысты сот тарапынан орын алған әділетсіздікті жайып салды.

"Мен Чидеринова Динара, өзімнің басымнан өткен жағдайға байланысты денсаулық сақтау министрі Біртанов Елжанға, бас прокурордың аға көмекшісі Тұрсынбекова Салтанатқа ел алдында жүгінуге мәжбүр болып тұрмын. Салтанат ханым, сіз әйел адам болған соң отбасылық өмірдегі қорлыққа көмектесетіңізге сеніп, сізден әділеттікті сұраймын.
Менің күйеуім менің денсаулығыма үлкен зиян келтірді. Мен бірнеше ай бойы өз өмірім үшін күресуге мәжбүр болдым. Ал әділеттік іздеп, мені қорлаған жолдасымды заң жүзінде жазаламақ болғанда, сот органдарының әділетсіздігіне тап болдым.
Фото: Facebook-тағы Немолчи парақшасынан алынды

Фото: Facebook-тағы Немолчи парақшасынан алынды

Олар менің құқығымды қорғай алмады. Тіпті, өздері шығарған шешіммен мені ұятқа қалдырды. Бұл істі өздерңіздің бақылауларыңызға алып, әділеттіктің орнауын септіктерңізді тигізулеріңізді сұраймын. Қазақстан әйелдері өзін соққыға жыққан күйеулерінен қорғана алу керек.

Анықталғандай, әйел адамның жолдасы қазақстандық әскер офицері болып шықты. Ол өз әйелінің мұрнын сындырып, бетінен түк қалдырмаған. Оның үстіне, ер адам Динараның мойнын жарақаттады.

Құқық қорғаушының айтуынша, әйелін сабаған ер адам тиісті жаза алмаған. Сот оған ешқандай айыппұлсыз шартты түрде бір жылдық жаза үкім кесті.

"Ол Динараның денсаулығына зақым келтіргені үшін 400 мың төлеуге тиіс болған. Алайда, ол тіпті асығар да емес. Оған салсаңыз, ер адам сот өкілінің алдында әйел адамға Жұдырықтарым қатты деп ескерткем саған деп айтты. Ол Динарадан үй түгіл, барлық мүліктерді тартып алды. Анасы болса, келіншектің бар киімі, әшекей-бұйымдарына дейін алып алған. Динара ол үйден екі баласымен түксіз кетті" , - деп жазды ол.

Мамандар әйел адам денсаулығына орташа зақым келтірілді деп санаған. Бұл шешімдердің барлығына зардап шеккен әйел мен оның қорғаушысы түбегейлі қарсы. Олар бәрібір әділеттікке қол жеткіземіз деп үміттеніп отыр.

"Мұндай қорғауларыңызға рахмет ІІМ, әскери сот және прокуратура. Сіздер қорлық көрген әйелдің орнына не себепті әскер офицерін қорғап әлексіздер?" , - деп ашынды құқы қорғаушы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
15
2
53
13
1
3
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel