RU
Саясат
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Назарбаев Астанада хан сарайындай балабақшаны ашты (фото)

Жарияланған күні:

Бүгін Астанада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өңірлердің елорданың 20 жылдығына орай тарту еткен бірқатар нысандарының тұсауын кесті. Солардың бірі - 240 орындық "Алматы" балабақшасы болды. Елбасы бүлдіршінденрдің ата-аналарымен кездесіп, кішкентай бөбектермен шүйіркелесе әңгімелесті деп хабарлайды NUR.KZ.

Астанада хан сарайындай балабақша
Астанада хан сарайындай балабақша: UGC

Астананың 20 жылдығына орай аймақтардың тарту ретінде ұсынған айтулы нысандарынының тұсау кесу рәсімі толастар емес. Бүгін президент елордада "Алматы" балабақшасының тұсауын кесіп, бөбектер мен олардың ата-аналарына сәттілік тіледі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада ашылған балабақшада
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада ашылған балабақшада: UGC
"Астана өздеріңіз куәсіздер, күннен күнге көркейіп келеді. Солардың ішінде мынадай әлеуметтік маңызы бар нысанның бой көтеруі - айтулы шара деп білемін. Мына кішкентай бүлдіршіндер біздің болашағымыз. Келешекте елдің тұтқасын ұстайтын азаматтар осылар болады. Сондықтан барлықтарыңызды құттықтаймын, еліміз дамып, көркейе берсін!", - деді Назарбаев.
Елбасы Астанада ашылған балабақшада
Елбасы Астанада ашылған балабақшада: UGC

Бір қуантарлығы хан сарайындай балабақшаның іші-сырты ұлттық нақышта безендірілген. Балабақша Алматы қаласының Астананың 20 жылдығына арналған тартуы болғандықтан, оның іші-сыртында әсем Алматының басты символдарының бейнесі көрініп тұрды.

Елбасы бүлдіршіндермен
Елбасы бүлдіршіндермен: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Мәселен, балабақша сыртында алматылық алма ағашының мынадай әдемі суреті бой көрсетіпті.

Астанада ашылған балабақша
Астанада ашылған балабақша: UGC

Ал нысанның кіре берісінде "Алматыдан Астанаға тарту" деген жазба да тұр.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Айта кетейік, балабақшадағы бөбектер тобының атаулары да Алматының басты "брэндтерінің" атымен аталмақ. Мәселен, оларға "Алатау", "Медеу", "Шымбұлақ", "Көктөбе" Үшқоңыр деген тағы басқа атаулар берілмек.

Үшқоңыр тобы
Үшқоңыр тобы: UGC

Тіпті, балабақша бөлмелеріндегі кілемдерге дейін оңтүстік астананың бас символдары бейнелеген. Онда "Қазақстан" қонақүйі, "Достық" даңғылы деген жазбаларды анық көруге болады.

Астанада ашылған балабақша
Астанада ашылған балабақша: UGC

Ал, жалпы балабақшадағы бөбектер ұзын саны 12 топқа бөлінбек. Айта кетерлігі 240 бүлдіршінге арналған балабақша елорданың "Алматы" көшесінің бойында орын тепкен.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/1740096-nazarbaev-astanada-han-sarajyndaj-balabaksany-asty-foto/

Жарияланымға реакцияңыз?

Соңғы пікірлер

Барлық пікір саны: 3

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

құлан

алматылықтар жарайсыңдар

Comment reaction

Астанинец

Осындай пайдалы нысандардың көптеп пайда болуы жақсы емес пе?! Астананың жиырма жылдығына орай осындай жақсы сыйлықтар ешқандай да артықтық етпейді. Елбасымыз барлығын тексеріп жатыр.

Comment reaction

Астанинец

"Алматы" деген атауына қарап, бірден Алматыдан Астанаға тарту деп түсініп отырмын. Ия, өте керемет бала-бақша. Президенттің жобасының жүзеге асып жатқаны көрініп тұр.

jitsu gif