RU
Роза Рымбаева той әндерін орындайтын Ернар Айдарды қатаң сынға алды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Роза Рымбаева той әндерін орындайтын Ернар Айдарды қатаң сынға алды

Рассказать Вконтакте

Әнші Роза Рымбаева «Витебсктегі Славян базары» халықаралық өнер фестивалінде Қазақстанның атынан шығатын Ернар Садырбаевты тағы бір әнші Ернар Айдармен салыстырмауды өтінді. Ол туралы Қазақстанның халық әртісі ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Роза Рымбаева мен Ернар Айдар. Фото-коллаж: NUR.KZ

Роза Рымбаева мен Ернар Айдар. Фото-коллаж: NUR.KZ

Баспасөз мәслихаты барысында тілшілердің бірі биылғы "Славян базарында" Қазақстанның намысын қорғайтын Ернар Садырбаевқа "Ернар Айдардан кейін қаншалықты танымал боламын деп ойлайсыз? Қорықпайсыз ба?" деген сұрақ қойған.

Жиын барысында Ернар Садырбаев (шоу-бизнесте "Әміре" атымен белгілі әнші. редакция) бұл сұраққа жауап беруден бас тартып, Роза Рымбаева сөз тізгінін өзі алған.

"Менің ойымша, әншінің атын шығаратын — ол оның әні, шығармашылық өнері. Ернар Айдар мен "Әмірені" салыстыруға болмайды. Мен маман ретінде айтайын. Ернар Айдар — өзбектің немесе түріктің әнін орындап жүрген тойдың әншісі. Ал біздің мына баламыз — бүгінгі Ернар конкурсқа қатысатын әнші. Конкурсқа қатысу — өзінің деңгейін халықаралық деңгейде көрсету, шығармашылығын сол форматқа сәйкес келетін халықаралық орындаушы жастармен сайысқа түсу.

Ондай жастардың арасында сайысқа түсудің өзі — деңгей. Ал енді егер сенің шығармаң кем түспей, артық болып тұрса — ол Қазақстан мәдениетінің деңгейінің жоғары болғандығы. Сондықтан, ана Ернармен мына Ернарды салыстыра алмаймын, кешіріңіздер", — деді Роза Рымбаева.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
13
2
3
1
0
41
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel