Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мұнда серік табу оңай": Ақтаулық гей Алматыға не үшін көшкенін айтып берді

Опубликовано:

Қоғам қаншалықты толерантты болғанымен, ЛГБТ топтарының өкілдерін қыспаққа алу әлі де жалғасып келеді. Қазақстанда да солай. Бірақ, кейін анықталғандай, бір елдің екі қаласында сексуалды топтарға мүлдем екі бөлек қарайды екен. NUR.KZ тілшісі оңтүстік астанаға көшіп келген ақтаулық геймен тілдесіп қайтты.

Сурет: pixabay.com
Сурет: pixabay.com: UGC

Марат - Ақтау тумасы. Бозбала кезінде ол өзінің барлығы сияқты еместігін білді. Алайда, басында тіпті өзін осылай қабылдауға қиналыпты. Марат ешқашан өзінің ерекше жыныстық ұстанымы жайлы айтпаған болатын, бірақ оның үстіндегі киімі мүлдем басқаша дүниені аңғартқан.

"Мен әрқашан өзіме ұнайтын киім киетінмін. Ақтаудағы адамдар оны дұрыс деп қарамады. Мәселе сонда. Маған үнемі тиісіп, қыз деп айтатын.
Біраз уақыт мен неформал да болдым. Құрдастарыма бұл ұнамайтын әрі мені үнемі кемсітіп, "зәбір көрсеткен". Мен Ақтауда ешқашан өзімді қауіпсіз сезінбейтінмін", - деді Марат.

Ақтауда Марат үнемі қыспаққа, соққыға ұшырайтын. Оның айтуынша, құрдастары да, өзінен үлкен балалар да кемсітудің мүмкіндігін жібермеген. Оның телефонын, ақшасын, қымбат дүниелерін тартып алыпты.

Маратқа тіпті пышақ сұғып өлтіреміз дегендер де болған. Ақтау кішкентай қала болғасын, ондағы өсек тез тарайды. Сондықтан да Марат шын мәнінде гей деген сөз тараған.

"Мен өзімнің жыныстық ұстанымым жайлы ешқашан ашық айтпағам. Бірақ адамдар сондай шешім шығарды. Бір күні сауда үйіне кіргенімде маған бір топ ересек жігіттер назар аударды.
Ғимараттың ішінде біраз болып, шығып бара жатқанымда мені сол жігіттер күтіп тұрды. Олар пышақпен қорқытып, маған өздерімен бірге жүруді талап етті. Мен қорқып кетіп, сауда үйінің ішіне кіріп кеттім. Бірақ ол жақта да күтіп тұрды.
Бағыма орай, таныс ересек әйелді кездестіріп қалдым. Ол мені жолға дейін шығарып салып, таксиге отырғызып жіберді", - деп есіне түсірді Марат.

Мұндай оқиғалар бір рет қана болған емес. Ақыры соңында Марат шыдамай әке-шешесіне бәрін айтып беріпті. Оны Алматыға жіберу керектігі шешілді.

"Мен онсыз да оңтүстік астанаға көшуді жоспарлап жүргем. Оқу орнына түскім келеді. Бірақ осындай оқиғалардан кейін Ақтау колледжіндегі оқуымды тастап, уақытынан бұрын Алматыға көшуге тура келді.
Алматыда бірден өзімді қауіпсіз әрі еркін сезіне бастадым. Әрине, адамдар қисық көзбен қарауын жалғастыра берді.
Айырмашылығы - Ақтауда бәрі "хейтер" болатын, ал мұнда бәріне бәрібір. Бұл жақта бірінші рет достар таптым, қоғамның кесірі емес, мүшесі болдым", - деді Марат.

Алматылық "гопниктер" де ерекшеленетінін айтып берді. Оның айтуынша, сөйлесу арқылы кез келген кикілжіңнен жол тауып кетуге болады. Кейбірі тіпті "Жарайсың! Өзіңді еркін сезін" деп мақтаған көрінеді.

"Алматыда менің басыма қауіп төнгенін есіме түсіре алмай отырмын. Мұнда, шынымен, еркін сезінесің. Бұл жақта төсектегі серіктерді де табу оңай. Себебі адамдардың көзқарасы басқаша", - деді Марат.

Алайда, Мараттың жыныстық ұстанымы кейбір нәрселерге әсерін тигізеді екен.

Мысалы, ол керек кезінде полициядан қажетті көмекті ала алмайды. Марат пәтер жалдағанда не жұмысқа тұрғанда қиындықтарға тап болады екен.

"Кейде тіпті такси шақырғанда жүргізуші мені көріп, кетіп қалып жатады (күледі). Бірақ мен үйреніп алдым. Сән индустриясында жолым болды. Мен стилистпін. Бүкіл жерде қуана қарсы алады. Қымбат салондарға шақырады. Жалпы, бұл жолда менің жолым ашық", - деді Марат.

Алмтыдағы өмірі атаулы қиындықтарсыз өтіп жаста да, Марат болашақта АҚШ-қа көшіп кеткісі келеді екен.

"Ол жақта еркіндік көп. Демократия. Толеранттылық дамыған. Болашақта ер адаммен бірге тұрғым келеді, ал АҚШ-та біржынысты некеге рұқсат берілген.
Алматыда бірнеше жыл тұрғандықтан, нақты айта аламын: мұнда Ақтауда қарағанда гей болу оңай", - деп қорытындылады өз сөзін Марат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1740713-mnda-serik-tabu-oaj-aktaulyk-gej-almatyga-ne-sin-kskenin-ajtyp-berdi/

pixel