RU
Белгілі журналист Ләззат Танысбай жаңа қызметке тағайындалды
Жаңалықтар Қоғам

Белгілі журналист Ләззат Танысбай жаңа қызметке тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Танымал журналист Ләззат Танысбай "Нұр-Медиа" холдингінің бас директоры қызметіне тағайындалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Танымал журналист "Нұр-Медиа" холдингінің басшылығына келді

Танымал журналист "Нұр-Медиа" холдингінің басшылығына келді

Бұл туралы "Нұр Отан" партиясы Төрағасының бірінші орынбасы Мәулен Әшімбаев өзінің Facebook желісіндегі парақшасында айтты.

"Ол өзінің кәсіби мансабын "Қазақстан" телеарнасынан бастап, кейіннен "Хабар" арнасында жалғастырды. Осы күнге дейін Елбасының баспасөз қызметінде түрлі қызметтер атқарды. "Астана" телеарнасына ауысқанға дейін ол Ақпарат министрлігінің вице-министрі болды.

Өзіне жүктелген міндеттерді атқау кезінде Ләззат Мұратқызы өзін масс-медиа саласындағы мықты маман әрі білікті басшы ретінде көрсете білді. Оның жаңа қызметке тағайындалуы партиялық холдингтің қызметіне серпін беріп, оның тиімді жаңаруына септігін тигізеді деп санаймын.

Біз "Нұр-Медиа" жұмысын жаңа белеске шығарғымыз келеді. Ләззат Мұратқызы бұл міндетті де тиісінше алып шығатынына сенімдімін. Ол "Астана" телеарнасындағы басшылық қызметін қатар алып жүретін болды.

Ләззат Танысбайға жаңа жауапты қызметінде табыс тілеп қоялық!

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
2
2
0
5
10
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel