jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Астаналықтар қарсыласын ойсырата ұтқан Шүменовпен "селфи" жасауға кезекке тұрды

: UGC

Бүгін Астанада қала тұрғыдары асыға күткен бокс бәсекесі өтті. Былғары қолғап шеберлерінің айтулы додасында белгілі боксшы Бейбіт Шүменов түрік елінен келген Хизни Алтункаядан басым түсіп, әлем чемпионы титулын өзіне қайтарып алды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Бейбіт Шүменов. Фото: NUR.KZ
Бейбіт Шүменов. Фото: NUR.KZ: UGC

"Барыс арена" спорт кешенінде өткен спорт додасына келушілердің қарасы қалың болды. Спортсүйер қауым әсіресе кештің басты додасы Бейбіт Шүменов пен түрік боксшысы Хизни Алтункаяның қолғап түйістіру сәтін асыға күтті.

Бейбіт Шүменов. Фото: NUR.KZ
Бейбіт Шүменов. Фото: NUR.KZ: UGC

Айта кетерлігі, Шүменовтің жекпе-жегінен бөлек шаршы алаңға еліміздің өзге де боксшылары қатысты. Әр жекпе-жектің арасында отандық белгілі әншілер сахнада ән айтып, кеш қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Бейбіт Шүменов. Фото: NUR.KZ
Бейбіт Шүменов. Фото: NUR.KZ: UGC

Ал шаршы алаңға Бейбіт Шүменов пен оның қарсыласы Хинзи Алтункая шыққанда көрермендер тіптен орындарынан тұрып, боксшыларды үлкен қошеметпен қарсы алды.

Бейбіт Шүменов. Фото: NUR.KZ
Бейбіт Шүменов. Фото: NUR.KZ: UGC

Жекпе-жек басталысымен қос спортшы кезек-кезек соққы жасап, бір-бірінің осал тұстарын табуға тырысты. Ал, алғашқы раундтардың бірінде Шүменов тіпті түрік боксшысына ауыр соққы жасап, оны кішігірім нокдаунға жіберіп үлгерген еді.

Бейбіт Шүменов. Фото: NUR.KZ
Бейбіт Шүменов. Фото: NUR.KZ: UGC

Тоғыз раундқа созылған жекпе-жекте Бейбіт Шүменов жеңіске жетіп, өзінің 18-жеңісіне қол жеткізді.

Бейбіт Шүменов. Фото: NUR.KZ
Бейбіт Шүменов. Фото: NUR.KZ: UGC

Астаналықтар қарсыласын ойсырата ұтқан Шүменовпен "селфи" жасауға кезекке тұрды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.