Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде боянуды үйрететін жігіттердің көбейіп кеткені жұртты шошытты

Жарияланған күні:

Әлеуметтік желіде боянуды үйрететін бьюти-блогер жігіттердің көбеюі елді шошытты. Еліміздегі сері жігіттердің бұл әрекетін қоғам қайраткерлері сынға алды деп хабарлайды "Евразия" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Олар өздерінің сүйікті ісін тапқанын айтып, бұл істері үшін арланбайтынын да жеткізді.

"Шынымды айтсам, мен косметиканы өте қатты жақсы көремін. Мені балағаттайтындар өте көп. Оларға күлкім келеді. Мен өзімнің сүйікті ісіммен айналысып жатырмын. Өзгелердің не ойлайтыны маңызды емес", - дейді павлодарлық 19 жастағы жігіт.

Алайда бұл жігіттердің сөзін еліміздің белгілі тұлғалары құптамайды.

"Бұл деген өте жиіркенішті. Масқара. Еркек еркек болып қалуы керек", - дейді танымал журналист Бақытбол Берімбай.

Ал психологтардың пікірінше, жігіттердің қыз мінезді болуына қоғамк кінәлі екен.

"Бұл көбіне ажыцрасқан отбасындағы әкенің қамқорлығын сезінбеген азаматтарда болады. Олардың бойындағы гормониялық белсенділігі қызға тән болып кетеді", - деді психолог.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1742595-elimizde-boanudy-jretetin-zigitterdi-kbejip-ketkeni-zrtty-sosytty/