Ақтөбеде қатерлі дертке шалдыққан келіншек жетінші қабаттан секіріп кетті
Жарияланған күні:
Ақтөбеде екі аптаның ішінде қатерлі ісікке шалдыққан екі адам өз-өздеріне қол жұмсап, қайтыс болды деп хабарлайды Вnews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.
Оқыс оқиғалардың бірі 26 маусым күні болған. 33 жастағы ақтөбелік келіншек қатерлі ісікке шалдыққанын білген кезде өзін өлтірмек болыпты. Ол Ресейде ем қабылдап жүрген еді. Әйел өлер алдында хат жазып, жетінші қабаттағы өз үйінің терезесінен секіріп кеткен. Хатында ол ешкімді кінәламауын сұрапты.
Екінші жағдай сегізінші маусым күні тіркелді. 50 жастағы келіншек Ақтөбеде ем қабылдап жүрген аурухананың бесінші қабатынан секіріп кеткен. Ол да хат тастап кеткен көрінеді. Дәрігердің айтуынша, әйел ауруына байланысты қол жұмсамаған.
"Әйелде ішектің қатерлі ісігінің үшінші деңгейі болған. Оған ота жасалып, химиотерапия қабылдап жүргентін. Ол өлерінің алдында хат тастап кеткен. Ол жерде жеке себептер, қарыздар жазылған еді. Сондықтан оның өлімі сырқатымен, ем қабылдауымен еш байланысты емес", - деді Оспанов атындағы медицина орталығының бас дәрігері Батыр Оразалин.
Екі іс бойынша соталды зерттеу басталып кетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1742609-aktbede-katerli-dertke-saldykkan-kelinsek-zetinsi-kabattan-sekirip-ketti/