Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денис Тенмен қоштасып, өксігін баса алмаған фотограф елдің жүрегін елжіретті (фото)

Опубликовано:

Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салу барысында өксігін баса алмай жылаған фотографтың суреті елді жылатты. Үлгі тұтар азаматынан айырылған қазақстандықтар бүгін жер қойнына тапсырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Естеріңізге салсақ 19 шілде күні тапа-тал түсте Денис Тенді көлік айнасын ұрламақ болған белгісіз екеу пышақтап кеткен болатын.

Үш литрдей қан жоғалтқан спортшы аурухананың жансақтау бөлімінде қаза тапты.

Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Жамбыл облысы Меркі ауданының 24 жастағы тұрғыны Нұралы Қиясов пен Қызылорда облысының тұрғыны Арман Құдайбергенов ұсталды.

Тергеу барысында өз істерін мойындаған Нұралы Қиясовты жоқшылықта өскені белгілі болған еді. Алайда оның бұрынғы қызы жамбылдық азамат жайында өз шындығын айтты.

Ал қызылордалық Арман Құдайбергеновтің осыдан бір апта бұрын Астана қаласында көліктің айнасын ұрлап, қолға түскені, алайда сотқа дейін ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен босатылғаны анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1743434-denis-tenmen-kostasyp-ksigin-basa-almagan-fotograf-eldi-zregin-elziretti-foto/

pixel