Алматының қақ ортасында Денис Тенді пышақтап кетті
Жарияланған күні:
Қазақстанның танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді Алматыда пышақтап кетті деп хабарлайды NUR.KZ.
"Денис Тенді Алматыда пышақтап кетті. Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр", - деп жазады Әлішер Елікбаев Telegram парақшасында.
Спортшыға Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында шабуыл жасалған.
"Куәгерлер жедел жәрдем шақырған. Қазір ол қалалық №12 ауруханада", - деді жедел жәрдем қызметі.
Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның бес дүркін чемпионы 1993 жылы 13 маусымда дүниеге келген.
Қазақстанның еңбек сіңірген спортшысы 2014 жылы өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, 2013 жылы мәнерлеп сырғанаудан өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған.
Сондай-ақ, ол төрт құрлық арасында өткен 2015 жылғы чемпионаттың жеңімпазы және VII қыстық Азиада ойындарының жеңімпазы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1743104-almatyny-kak-ortasynda-denis-tendi-pysaktap-ketti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.