RU
Шымкентте көпбалалы ана ДЦП дертіне шалдыққан нәрестені асырап алды
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте көпбалалы ана ДЦП дертіне шалдыққан нәрестені асырап алды

Рассказать Вконтакте

Шымкенттік көпбалалы ана ДЦП диагнозымен туған ерекше баланы асырап алған деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

Шымкентте көпбалалы ана ДЦП дертіне шалдыққан нәрестені асырап алды. Фото: NUR.KZ

Шымкентте көпбалалы ана ДЦП дертіне шалдыққан нәрестені асырап алды. Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Төртінші перзентінен кейін көп жыл бала көтере алмаған Ақмарал перзентханадан бала асырап алмақ болған.

Шымкентте көпбалалы ана ДЦП дертіне шалдыққан нәрестені асырап алды. Фото: NUR.KZ

Шымкентте көпбалалы ана ДЦП дертіне шалдыққан нәрестені асырап алды. Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Ол туыла сала бауырына басқан ұлының сал ауруы туралы мүлдем хабарсыз болғанын айтады. Тек бір айлық сəбиін құшақтап невропатологқа қабылдауға барғанда ғана ерекше баланы асырап алғанын білген.

Шымкентте көпбалалы ана ДЦП дертіне шалдыққан нәрестені асырап алды. Фото: NUR.KZ

Шымкентте көпбалалы ана ДЦП дертіне шалдыққан нәрестені асырап алды. Фото: NUR.KZ
Source: UGC

"Бармақ шайнап, өкінген түгім де жоқ. Дəрігерлер ауру баланы кері қайтарып, бас тарту мүмкіндігім бар екендігін айтты. Мен бірінші көргеннен ерекше ұлыма аналық мейірімім оянып, бар жылуыммен бауырыма басқанмын.

Шымкентте көпбалалы ана ДЦП дертіне шалдыққан нәрестені асырап алды. Фото: NUR.KZ

Шымкентте көпбалалы ана ДЦП дертіне шалдыққан нәрестені асырап алды. Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Бас тартқым келмеді. Тіпті қазір ерекше балаларға арналған балабақшаға бергім келмейді. Уайымдап қаламын. Сондықтан да жанымнан бір елі жібергім келмейді"-дейді Ақмарал Темірбаева.

39 жастағы Ақмаралдың тағдыры да ерекше. Бірінші некеден үш баласы бар ер азаматтың етегінен ұстап, үш баланы өз баласындай көріп, жан-тəнімен мейірімге бөлеген.

"Үлкен ересек балаларымның туған анасы бар. Араласып тұрады. Кейде пендешілікпен туған анасы үш баланың ойын бұзып, шағыстырып кететін кездері де болды. Таяқ та жедім. Отбасын тастап кеткім келген кездерім де болды.

Шымкентте көпбалалы ана ДЦП дертіне шалдыққан нәрестені асырап алды. Фото: NUR.KZ

Шымкентте көпбалалы ана ДЦП дертіне шалдыққан нәрестені асырап алды. Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Мен келгенде ересек балаларым ес біліп қалған кезі еді. Мені қабылдағылары келмей, əкелерін қызғанып та қалатын. Басында əрине оңай болған жоқ. Талай сынақты басымнан кешірдім.

Бірақ махаббатпен, төзімділікпен, сабырға, ақылға салып, түтінімді түзу шығарып, отбасымның берекесін ойладым", - дейді Ақмарал Темірбаева.

Айта кетейік, Ақмарал жұбайымен қазақтың көнерген салты "сүйек жаңғырту" дəстүрімен шаңырақ көтеріпті.

Шымкентте көпбалалы ана ДЦП дертіне шалдыққан нәрестені асырап алды. Фото: NUR.KZ

Шымкентте көпбалалы ана ДЦП дертіне шалдыққан нәрестені асырап алды. Фото: NUR.KZ
Source: UGC

"Бұл əулетке жиеншар болып келем. Күйеуімді үш баласымен бірінші əйелі тастап кеткен соң, енем "Балаларға мейірім төгіп, ұлымның басын төрге сүйрер осы қыз болады" деп сеніп, маған құда түскен. Енем өте жақсы адам. Біздің шаңырағымыздың шайқалмай, керегеміздің кең, босағамыздың берік болуына сол кісінің ақылы мен тəлімінің себі зор болды", - дейді Ақмаралдың өзі.

Бүгінде Ақмарал мен жұбайы бес баланың ата-анасы, бір немерелері бар бақытты ата-əже. Перзенттерінің алды, үлкен ұлдары 25-те. Жақында шаңырақ көтеретін ойы бар.

Одан кейінгі қыздарын ұзатып, бүгінде немере сүйіп, қазақтың дəстүр салтымен құда-құдағилық сыйластығы тағы бар. Үшінші перзентері жоғарғы оқу орнының студенті болса, босаға аттап, келін болғанда көрген төртінші ұлы мектеп қабырғасында оқиды, сегізінші сыныпқа өткен.

Шымкентте көпбалалы ана ДЦП дертіне шалдыққан нәрестені асырап алды. Фото: NUR.KZ

Шымкентте көпбалалы ана ДЦП дертіне шалдыққан нәрестені асырап алды. Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Алғашында, ерешке диагнозы бар бауырларын үлкендері бөтенсіген. Дегенмен кейіннен бауыр басып, үйренісіп, бір туған боп кеткен. Отбасы, тіпті əулет болып Ақмаралдың бұл аналық жүрегінің қалауын қолдап, демеп келеді екен.

Жұбайы да барынша жанына желеу болып, сауап іске сеп болған мейірімді жарына жан шуағын арнаудан танған емес.

"Ерекше ұлым Мырзабегім қазір үшке келді. Туғанда салмағы екі келі 400 грамм болған. Қазір үш жастағы дене салмағы жеті келі. Талпынып, ізденіп, дəрігерлерге қаратып, ем-дом жасатып келеміз. Əрекет етуден танбаймын. Қай жерде ем бар, қай жерде арнайы орталықтар бар... Барлығын біліп, қалмауға тырысамын.

Ерешке перзенттері бар аналармен байланысты үзбеймін. Ташкенттік дəрігерлерге үш ай сайын барып ем қабылдаймыз. Дəрігерлер "70 пайыз кепілдік береміз, 30 пайыз сауығып кетуіне сенім жоқ" дейді. Менің Алладан үмітімді үзгім келмейді. Жазылып, ұлымның аттай болып кететіне сенемін", - деп жігерлі жанары жарқылдаған көпбалалы батыр ана келешектен күтетін үмітінің көптігін білдірді.

Ақмаралдың өзі де осы жылдың мамыр айында денсаулығы сыр беріп, тағы бір сынақты басынан өткізді. Ауру баланың жайын жасап, режиммен ем домын жасамақ түгілі, отадан шыққан Ақмаралдың өзіне қарауға шамасы келмеген.

Сонда "Бұл баланы қайта өткізіп жібер. Шамаң келмейді. Науқас балаға байланып қалдың, сырқат баламен отырып, дəуренің өтіп барады. Балалар үйіне өткіз де, жұмысқа шық, өзіңе қара" дейтіндердің қатары көбейген.

Қайта осылай дейтін жандарды жек көріп кететінін айтады Батыр Ана. Ғұмырын бала тəрбиесіне, отбасына, жолдасының жайын жасауға арнауға бел буған Батыр ана Ақмарал Серікбайқызы тағы бір перзент асырап алу ойының бар екендігін айтып қалды.

"Тағы бір қыз бала асырап алсам деген ойым бар. Келешекте өбектеп өсіріп, өзіммен сырлас боп, жанымда жүрер жанашырым болғанын да қалаймын. Бірақ тағы бір қыз перзент асырап алсам Мырзабегіме көңіл бөле алмай қалам ба деген қорқынышым да бар. Денсаулығы тəуір болған соң мүмкін тағы бір перзентті болуды бұйыртар", - деп күлімсіреді көзі нұрға, махаббатқа толы Батыр Ана.

Сіздің реакцияңыз
4
2
0
11
5
136
10
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel