Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астролог Айдың тұтылуынан кейін адам өмірінде не өзгеретінін айтты

Опубликовано:

Астролог Ирина Абдраимова Айдың тұтылуы адамның мінез-құлқына қалай әсер ететінін түсіндірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Айдың тұтылуы. Фото ашық дерек көзінен алынды
Айдың тұтылуы. Фото ашық дерек көзінен алынды: UGC

Қазақстандықтар шілденің 27-сінен 28-іне қараған түні Айдың тұтылуы мен Марстың жер бетіне барынша жақындауын тамашалды.

Ирина Абдраимованың айтуынша, Айдың толық тұтылуы бірталай өзгерістер әкелмек.

"Айдың тұтылуы күрделі салдарларға әкеп соғуы мүмкін, қаржылық қиындықтар, адамның жеке басында проблемалар туындайды. Негізінен біздің ішкі жан дүниемізге әсер етеді.

Әсіресе әйелдерге ықпалы зор, жеке және отбасылық, психологиялық жағдайына әсерін тигізеді. Жалпы Ай адамның бейсанасына тікелей ықпал жасайды, сол себепті санамыздың қалтарыстарында терең сақталған қорқыныш, үрей мен ренішімізді сыртқа шығарамыз.

Өте сезімтал бола бастаймыз, әсіресе, әйелдер жағы. Адам болмашы нәрсені көңіліне алып, өкпелеп қалуы мүмкін. Жалпы зорлық-зомбылыққа, өпшенділікке, ашушаңдыққа, шыдамсыздыққа бейім келеді", — дейді Ирина Абдраимова.

Маманның пікірінше, Ай тұтылғаннан кейін мінез-құлқымызды өзгертіп, ішкі жан дүниемізге қарай шешім қабылдауымыз керек.

"Айдың тұтылуы, әсіресе, 24 және 28 шілде, қазан, қаңтар, сәуір айларында туған адамдарға ерекше ықпал етеді. Бұл өте маңызды. Алдағы 18 жылға тағдырды өзгертуге айрықша мүмкіндік туады.

Екі тұтылу арасындағы кезең адам тағдырын өзгертуге ең қолайлы мерзім болып саналады. Ол үшін нық шешім қабылдап, шын жүректен ниет етіп, бүкіл энергияңызды ғарышқа бағыттауыңыз керек. Сонда алдағы 18 жылдық өміріңіз өзгереді. Зорлық-зомбылық, ұрыс-керістен бойыңызды аулақ ұстап, айналаңыздағыларға махаббат пен мейрім сыйлаңыз. Жақындарыңызға көмектесіңіз. Сонда бақытты боласыз", — деп ойын түйіндеді астролог.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1744625-astrolog-ajdy-ttyluynan-kejin-adam-mirinde-ne-zgeretinin-ajtty/

pixel