Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақымақ жөзекше": "Яндекс" такси жүргізушісі алматылық арудың шашын жұлып тастады

Опубликовано:

Алматы қаласының тұрғыны "Яндекс" таксиінде болған келеңсіз жағдай туралы айтып берді. Бұл туралы ол өз Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: kiwitaxi.ru
Фото: kiwitaxi.ru: UGC

27 шілде күні алматылық Дана Сеитбекова Яндекс қосымшасы арқылы такси шақырған. Горький паркінен ЦУМ сауда үйіне бармақ болған бикеш көлікті әбден күткенін айтады.

"Менің қоңырауыма BLZ 539 02 нөміріндегі ақ Kia Ria көлігі жауап берді. Таба алмай хабарласқанымда Байсеитов Александр Юрьйұлы деген белгісіз біреу маған дауыс көтеріп сөйлей бастады. Мен одан сыпайы сөйлеуін өтінгенімде, ол жай түсіндіріп жатқанын айтты", -дейді Дана.

Таксиге мінгеннен қыз бен такси жүргізушісінің арасында ұрыс басталған. Дананың айтуынша, Александр қызға небір балағат сөздер айтып, оны ақымаққа теңеген. Тіпті, қызды «зорлаймын» деп қорқытып, көліктен түсіп кетуін бұйырыпты.

Басқа таксиге отырып жатқанда Яндекс жүргізушісі Дананың шашын жұлып, көзілдірігін сыныдырып тастапты. Сол мезетте біршама халық жиналғанымен, ешкім ешқандай шара қолданбаған екен.

"Мен көліктен түсіп, оған айғайлай бастадым. Ал ол менің бетімнен ұруға тырысып, "жөзекше" деп атады",- дейді Алматы тұрғыны.

Бұл оқиғадан соң Дана бірден полицияға жүгініпті. Ал Яндекс қосымшасында оған кез келген уақытта "Везунчик" таксопаркіне хабарласуына болатынын айтқан екен.

Ал болған жағдайға қатысыты Яндекс қосымшасының баспасөз қызметі NUR.KZ тілшілеріне түсініктеме берді.

"Бұл жағдайды ести салып, ол қызметкерді жүйеден өшірдік. Ал Данамен және таксопаркпен хабарласып, кездесетін уақытты белгіледік. Біз Данадан қызметкердің әрекеті үшін кешірім сұраймыз және оған алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта біз қызметкерлердің әдебіне байланысты қосымша тексеріс жүргіземіз. Ал осындай келеңсіздікке ұшыраған кез келген азаматқа жүргізушіні төмен бағалауды немесе біздің қолдау қызметіне хабарласуын өтінеміз"-деді Яндекс баспасөз қызметі.

Алматы қаласының ішкі істер Департаменті жағдайды кейінірек түсіндіретінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1744856-akymak-zzekse-andeks-taksi-zrgizusisi-almatylyk-arudy-sasyn-zlyp-tastady/

pixel