RU
Көңілдесімен естен кетпес түн өткізген қалыңдық аста-төк тойдан кейін күйеуін тастап кетті
Жаңалықтар Калейдоскоп

Көңілдесімен естен кетпес түн өткізген қалыңдық аста-төк тойдан кейін күйеуін тастап кетті

Рассказать Вконтакте

Мексикада 21 жастағы бойжеткен аста-төк үйлену тойынан кейін алты күн өткенде күйеуін тастап, көңілдесіне қашып кетті. Бұл туралы NUR.KZ порталы pure-t.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Той. Фото: pure-t.ru

Той. Фото: pure-t.ru

Меган есімді бойжеткен той алдында қыз ойнақ өткізеді. Көңілді кеште жас жігітпен танысқан бойжеткен онымен естен кетпес түн өткізген. Тіпті той болғанға дейін сегіз апта бойы көңілдесімен байланысын үзбепті.

Той. Фото: pure-t.ru

Той. Фото: pure-t.ru

Ал бұл туралы мүлде хабарсыз болған күйеу жігіт Энди аста-төк той жасауға барынша қамданып жүреді. Нәтижесінде үйлену тойы дүркіреп өткенімен, қалыңдық той күнінен кейін алты күн өткенде Эндиді тастап, қашып кеткен.

Той. Фото: pure-t.ru

Той. Фото: pure-t.ru

Ол өзгеге кетіп қалуын, көңілдесімен төсек қатынасында өзін ерекше бақытты сезінетінімен түсіндіріпті.

Той. Фото: pure-t.ru

Той. Фото: pure-t.ru

"Мені сүйіктім пайдаланып кетті. Бұл жүрегіме батты. Бірнеше күн бұрын қайта көңіл жарастырмақ болып, одан кетіп қалуының себебін сұрадым. Нәтижесінде оның өзге жігітке тек төсек қатынасында менен жақсырақ болғаны үшін кетіп қалғанын білдім", - дейді Энди.

Той. Фото: pure-t.ru

Той. Фото: pure-t.ru

Энди бұл жайттан кейін неке жүзіктерін сатып жіберуге бел буады.

Неке жүзігі. Көрнекі фото ашық дерек көзінен алынды

Неке жүзігі. Көрнекі фото ашық дерек көзінен алынды

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
4
3
4
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel