RU
Ақтөбеде баласымен бірге қоқыста тамақ жейтін келіншектің жағдайы жұртты шошытты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде баласымен бірге қоқыста тамақ жейтін келіншектің жағдайы жұртты шошытты (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбелік отбасы қаладан бірнеше шақырым жердегі қоқыс полигонынан шіріген тамақтарды теріп жеп жүр. Пластикалық бөтелке жинайтын Света есімді келіншек қоқыс алаңындағы өмірі жайлы өңірдегі NUR.KZ тілшісіне айтып берді.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Светаның жұбайы Орал қаласының Шыңғырлау жерінің тумасы екен. Отбасы жұмыстың жоқтығынан Ақтөбеге келіпті. Олардың мұнда пәтер жалдап жүргеніне 10 жылдан аса уақыт болған екен. Ал күйеуі жалдамалы құрылысшы болып жұмыс істеп, талай рет еңбек ақысын да ала алмай кеткен кездері де болыпты.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Келіншек бұл жұмысқа амалсыздан келгенін айтады. Жолдасы бес жылдан бері қоқыс полигонында бөтелке жинаса, Светаның бұл іске араласқанына екі жыл болыпты. Қазір оларға баласы да қолғабыс етіп жүр екен.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"30 келілік қапшықпен пластик бөтелкелер жинап, 25 теңгеден сатамыз. Олардың ақшасын ай соңында күйеуім, мен және балам үшеуміз қосылып, 28-30 мың теңгедей етіп аламыз. Күніге 4-5 қапшық бөтелке тапсырамыз. Онымыз 100-125 теңгедей болады. Ай соңында алатын ақшаның өзін 10-15 күнге кешіктіріп береді. Егер демалыссыз шықсаң 40 мың теңгеге дейін жалақы алуға болады",-дейді Света Чекризова.

Светаның үлкен ұлы қаладағы №40 мектепте 9-сынып оқиды. Ал кішкентайы екі жаста. Бала күтіміне туыстары көмектесіп отыр. Ал жанұя қоқыс жинау үшін қастарына туысқан баланы да ілестіріп алған.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Енді қайын апам да жұмыссыз. Жолдасы қайтыс болған. Оның да тұрмысы қиын, төрт баласы бар. Оған көмек болсын, баласы киіміне ақша тапсын деп ілестеріп шығамын. Біз қоқыс алаңына таңғы сағат 5-те келеміз. Таңертең қапшықтарға бөтелкелерді жинап қойып, түсте тамақ тереміз. Сол кезде азық-түлік дүкендерінің қоқыс таситын көліктері келеді. Шіріген картоп, жуаларды теріп, үйден пісіріп жейміз", - дейді келіншек.

Отбасы бөтелке жинаған қапшықтарын күзетіп, кеш батқанша оларды тиеп алып кететін машиналарды күтіп отырады.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Бұл жерде бөтелке жинайтын адам саны 30-дан асады. Отбасы, бала-шағасымен жүргендер көп. Бәрі де тұрақты жұмыс таппай қоқыс теріп күн көріп жүр. Әрқайсысының тағдырлары әр түрлі. Кейбіреулер осында күрке жасап, үйден әкелген тамақтарын жейді. Біз де күнде осы қоқыстың ортасында отырып түскі ас ішеміз", - дейді ол

Қоқыс басында өмір сүріп жүрген отбасы қаланың шетіндегі саяжайлардың бірінде пәтер жалдап тұрады.Шаңхай ауданы жақта орналасқан баспанаға жанұя ай сайын 20 мың теңге төлейді екен. Онда, тіпті , ауыз су жоқ дейді.

Света алғашында қоқыс иісінен тұншыққанын, ал қазр еті үйреніп кеткенін айтады.

"Нан жегің келсе жұмыс жасайсың. Қарны аш балаларыңды көргенде бәріне көнесің. Өмір сүру керек. Еңбек етсең жұмыс, табысыңды жинасаң ақша болады",-дейді Света Чекризова.

Бір отбасындай болып кеткен қоқыс алаңындаңылар әріптестердей араласады. Бір -бірінің үйіне қонаққа да барады екен.

Отбасына көмек көрсетемін деушілер Света Чекризованың телефонына хабарласа алады. 8771 768 67 27

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
46
3
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel