jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Құрбысы шетелдікке күйеуге шыққан атыраулық қыз қазақ жігіттерінің кемшілігін бетіне басты

: UGC

Атыраулық ару қазақстандық азаматтардың кемшілігін бетіне басты. Ол қазақ қыздарының неліктен өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығатынының негізгі себептерін атап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото:Weproject.kz;Xvatit.com. Коллаж: NUR.KZ
Фото:Weproject.kz;Xvatit.com. Коллаж: NUR.KZ: UGC

Esil.media парақшасында сұхбат берген ару өзінің айналасындағы құрбыларының шетелдік азаматтың етегінен ұстағанын айтып берген.

"Менің бір құрбым 3 жылдан бері италиялық жігітпен көңіл жарастырып келеді. Ал тағы бір құрбым неміс жігітімен көңіл жарастырып, америкалық азаматымен некеге тұрды. Жақында тағы бір танысымның түрік жігітіне тұрмысқа шыққалы жатқанын естідім. Олардың барлығы қазақ қыздары", - деген ару құрбыларының бастан кешкендерін жіпке тізгендей қылып айтып берді.

Ол сырластарына "Қыздар, қазақ жігіттерінің қай жері кем?", - деп сұрағанында, қазақ жігітіне тұрмысқа шығып, ажырасқан құрбысы өз тағдырын айтып берген.

"Мен қазақ жігітіне тұрмысқа шығып, 10 жыл бойы бір шаңырақ астында тұрдым. Осы жылдар ішінде көрмегенім жоқ. Күйеуім жұмыстан келіп, шаршағынын айтып жатып қалады. Мен де жұмыс істеймін. Бірақ, одан бөлек тамақ пен үйдің тірлігі, туған-туыстың көңілінен шығу, оларға қарсы келмеуім керек. Балаларға қарап, үйді тазалап, еден де жуамын. Таңғы, түскі, кешкі асын дайындап кетуім керек. Сөйте тұра, екеуміз де жұмыс істейміз. Бірақ демалатын - ол.

Ал түнгі өмір жайлы айтпай-ақ қояйын. Төсек қатынасына сәл өзгеріс енгізейін десең "Сенің мұның не? Қайдан көріп алғансың? Көшенің қыздары секілді. Енді балаларды қалай сүйесің. Ұят" дегеннен басқа айтары жоқ. Біз күнделікті күйбең тірліктен шаршадық. Олар "Әйел бала туғасын, ешкімге керек емес", "Баламен оларды ешкім алмайды" деп ойлайды. Алайда бұл үлкен қателік. Себебі, әйелдің нәзіктігін, сыйластығын бағалай білмеген адам - оны қор етеді. Бұрын өзімізді төмен бағаласақ, қазір шын әйел бақытын сезініп, өмір сүрудеміз", - деп жауап қайтарған құрбысы.

Ал автордың өзі, өзге ұлт өкілінің артықшылықтарын бағалағанымен, тек қазақ жігітіне тұрмысқа шығатынын мәлім етті.

Құрбысы шетелдікке күйеуге шыққан атыраулық қыз қазақ жігіттерінің кемшілігін бетіне басты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.