Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сарыағашта қошқар сүзіп мүгедек болған қыздың анасы жанайқайын жеткізді (фото)

Опубликовано:

Сарыағаш ауданының тұрғыны Әсемай Кәрібай Мадиярқызын 3 жасында қошқар сүзіп тастаған. Оқыс оқиғадан соң құлағынан қан тоқтамаған қыз бүгінде 14 жасқа толған. Құлағы естімейтін, көзі де анық көрмейтін Әсемайдың анасы елден көмек сұрап, жанайқайын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Қошқар сүзген бойда Шымкенттегі ауруханаға жеткізгенде Әсемайдың басына бірден ота жасаған.

"Шымкенттегі облыстық аурухада жұмыс жасайтын дәрігер Тимур Бегманов қызымның басына ота жасады. Ол кезде томография жоқ. "Басына қан ұюы мүмкін" деді де ота жасап тастады. Сөйтсек қызымның басына су жиналған. Дәрігерлер Әсемайдың басын ашып, қайтадан жаба салған. Мұны мен Ташкентке алып барған дәрігерден естідім.

Біраз уақыттан соң Шымкентте қызымның басына екінші рет ота жасады. Осы уақытта оның басының ішіне инфекция түсіріп алған. Оны маған айтпаған да. Он күннен кейін ауруханадан шығарып жіберді. Қызымның көзінен жас тоқтамай жылай береді.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

2007 жылдың желтоқсанында Астанадағы "Ана мен бала" орталығына бардық. Сол жерде дәрігерлер қызымның көрмей қалғанын мәлім етті. Шымкенттегі дәрігерлер маған оның бірін де айтпаған. Қызымның көзі көрмей, құлағы естімей, сөйлей алмай қалған. Денесінің оң жақ бөлігі мүлде жұмыс істемейді. "Ана мен бала" орталығында Марат Рабандиярұлының отасынан соң аздап көзі көре бастады. Алайда қазір естімейді, жүрмейді. Тек "мама, папа" деген сөзді ғана айтады", - деп Ұлболсын Омарова көз жасына ерік берді.

2007 жылы оқыс жағдай орын алғанда Әсемай 3 жаста болған. Көпбалалы ана бүгінде қызының денсаулығына байланысты үйінде жұмыссыз отыр. Ал 4 баланың әкесі Астанада арба айдап, жүк тасумен нәпақа табуда.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Баласын қайда емдетуді білмеген Ұлболсын былтырғы жылы Тамара Дүйсеноваға хат жолдаған. "Қайта оңату орталығына алып барыңыз" деген жауапты естіген ана, қазір қызын Қытай еліне алып барып емдеткісі келеді.

"Қызымды ойласам, көзімнен жас құрғамайды. Шымкентте де, Астанаға да, Ташкентке де алып бардым. Енді Әсемайды Қытай еліне алып барып, емдетсем деймін. Алайда ол үшін 5 млн теңгедей ақша керек. Оны қайдан аламын", - деген ана елден көмек сұрады.

Ұлболсын Омарова: 8-775-544-87-15

Банк карточкасы: 5169-4931-2716-6182 Каспий банк. Ұлболсын Омарова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1745584-saryagasta-koskar-szip-mgedek-bolgan-kyzdy-anasy-zanajkajyn-zetkizdi-foto/

pixel